Кәсіпкерлікті бастамас бұрын жан қалауы мен қолдағы мүмкіндікті саралап алған жөн. Қазіргі таңда кәсіпкер болу, өзін-өзі жұмыспен қамту, еркін режимде жұмыс істеу трендте. Түрлі факторларды ескере отырып, кәсіп бастағысы келетіндер үшін қате жасаудан алдын алатын 5 кеңесті ұсынамыз, деп жазады kazbusiness.kz ақпарат агенттігі.
- Жаныңыз сүймейтін немесе саладан хабарыңыз жоқ кәсіптен табыс келеді деп айту қиын. Өйткені, нарық заңдылығында кез келген кәсіпкерліктің түрлі тәуекелдері бар. Біріншіден, нарықты саралау қажет, осы өңірге тән қандай кәсіп көзі табыс әкеледі, зерттеу керек.
- Кәсіпкерлікте белгілі бір тәжірибе болмаса, жоғары пайызы бар несие алып, кәсіп бастау қатерлі қадам. Бизнес алғашқы жылы пайда әкелмеуі мүмкін, ал қарызға алынған ақша сізді тіптен тақырға отырғызуы мүмкін. Бизнесте қаржы жағы ең соңғы кезең, барлығы сараланып, бизнес-жоспар құрылғаннан кейін қаржы құйылады. Ең дұрысы капиталыңыз болуы шарт.
- Болашақ бизнесіңіздің барлық құрауышы жүзеге аспай тұрып, жоспар құрып алмайынша жеке кәсіпкерлікті тіркеуге асықпаңыз. Бухгалтерлік есеп жүргізуді үйрену;
- Жұмыс істегелі жатқан нарығыңыздағы бәсекелестеріңіздің жұмысын саралаңыз. Сіздің халыққа ұсына алатын артықшылығыңыз болу керек. Олай болмаған жағдайда табысты болу екі талай.
- Маректинг пен жарнама бойынша білім керек. Тауар, жұмыс, қызмет түрін өткізуде орта немес ірі бизнес арнайы агенттіктерге жүгінеді, тапсырыс жасайды. Ал шағын бизнеске мұндай қызмет түрін жалдау тиімсіз. Жарнамасы жоқ, танымал емес кәсіпорынды тану, клиенттер базасын жинау маңызды.
Дегенмен, мықты дейтин бизнесмендердің өзі талай рет шығынға ұшыраған. «Жеті рет құласам да сегіз рет аяққа тұрам» деген жампондық мәтел осындай қайратты кәсіпкерлерге арналған. Сондықтан ешбір дағдарысқа қарамай, кәсіп бастап, бәсекеге қабілетті кәсіпкерлер қатарынан табылыңыз.