Атап айтқанда, 1 доллар құны – 462,65 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 6,43 теңге.
30 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,60 теңгеге қымбаттап, 462, 66 теңге болған.
Ресей валютасы 6,35 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 466 – 470 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 465–470 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,75– 6, 25 теңгеге сатып алуға болады.