ТМД бойынша танымал нумеролог Әдемі Мәуленова 2023 жылы кімдердің табысты болатынын айтты. Сондай-ақ маман жаңа жылға болжам жасап, кімдерге қауіп төнуі мүмкін екеніне де тоқталды.
“2023 жыл 7 санының энергиясымен өтеді. Сондықтан, әр адам өзінің жеке санына мән беруі керек. Өйткені, адам өз өмірін жоспарлау үшін бұл сандар өте қажет. Өз саныңызды қалай білесіз? Мәселен сіз 17.12.1999 жылы дүниеге келдіңіз делік. Енді туған күн мен ай сандарын өзара қосып, бір сан шығарамыз. Мысалы, 1+7+1+2=11=1+1=2. Содан соң биылғы жылдың басты саны 7-ге сіздің жеке саныңызды қосып, бір сан шығарамыз. Мәселен, 7+2=8. Осылайша, 17.12.1999 жылы туған адамның биылғы саны 8-ге тең. Әр адам өзінің туған күні арқылы биылғы санын есептей алады “, – дейді Әдемі Мәуленова.
Нумерологтың болжамы бойынша, бір санына тиесілі жандар үшін алдағы жыл өз мақсаттарын орындайтын уақыт болмақ. 2023 жыл жаңару жылына айналып, адам өміріндегі кейбір жайттар логикалық соңына жетеді. Бұл жеке қарым-қатынас немесе жұмыс болуы мүмкін. Бір санындағылар үшін алдағы жыл белсенді түрде өтеді және өз мүмкіндіктерін толық пайдаланатын уақыт болмақ.
Екі санына тиесілі жандар үшін жылдың басты ұраны – дипломаттық қарым-қатынас болмақ. Агрессия танытып, қысым көрсетуге мүлде болмайды. Егер ашуға ерік беретін болсаңыз, жағдай сіздің пайдаңызға аяқталмауы мүмкін. Алдағы жылы басталатын жеке қарым-қатынас үйленіп, шаңырақ көтерумен аяқталады. Әсіресе, жеке өмірінде тұрақтылық жоқ жандар мүмкіндікті жіберіп алмауы қажет. Ал егер коммерциялық идеяңыз болса, оны жүзеге асыратын әріптес табуға тырысыңыз. Ең бастысы – сабырлық танытып, жағдайды асықтырмауға тырысыңыз.
Үш санына тиесілі жандар үшін 2023 жыл шығармашылық пен еркін идеяға толы болмақ. Өсу, даму бірінші орынға шығады. Сондықтан қаржылық жағдайды жақсарту үшін атқаратын қызмет аясын кеңейту қажет. Әсіресе, алдағы жыл саяхаттауға, көшуге, мамандық ауыстырып, жеке өмірді жақсартуға өте қолайлы. Өзіңізді жалпыға ортақ нормалармен шектемеңіз. Идеяңызды жүзеге асыру үшін барлық қадамға барыңыз. Бастысы – физикалық формаңызды, денсаулығыңызды сақтаңыз.
Төрт санына тиесілі жандар үшін жаңа жыл тұрақтылық пен сенімділіктің белгісі болмақ. 2023 жылы үйленгендердің некесі берік болады. Алдағы жылы үй немесе басқа да жылжымайтын мүлік сатып алуға мүмкіндік көп. Бірақ ажырасу, мамандық ауыстыру немесе көшу секілді кез келген өзгеріс сізге ыңғайсыз болатынын ұмытпаңыз. Сізге көп жұмыс істеп, қаражат жинаған жөн. Алдыңыздағы жауапкершілікті арттырып, ертеңге ештеңе қалдырмаңыз. 2023 жылғы басты міндетіңіз – өз позицияңызды ұстанып, болашақтың іргесін қалау. Бес санына тиесілі жандар үшін жаңа жыл өзгеріс уақыты болмақ. Мамандық ауыстырып, саяхатқа шығып, қоныс аударуға ыңғайлы кезең. 2023 жыл жаңа жобалар бастау үшін де қолайлы.
Бес санына тиесілі адамдар өмірінде көптеген күтпеген жайт орын алады. Жеке өмірде өзгерістер көп болуы мүмкін. Бірақ ештеңеден қорықпай, алға басыңыз. Жаңа қарым-қатынас, жаңа іс, жаңа табыс көзін іздеген дұрыс. Денсаулыққа да көп көңіл бөліңіз. Әсіресе, жүрек пен тірек-қимылдау аппаратына баса назар салыңыз.
Алты санына тиесілі жандар үшін 2023 жыл махаббатқа толы жыл болмақ. Жеке өмірді жақсы жаққа өзгерту үшін өте қолайлы жыл. Тұрмысқа шығу, үйлену, екінші жартыңды кездестіру, бала көтеру, сәбилі болуға аса ыңғайлы жыл. Отбасында қиындықтар кездессе, 2023 жылы бәрі шешіледі. Жаңа жыл сіз үшін борышыңызды өтейтін жылға айналады. Жақындарыңызға қамқор болып, игілікті істермен айналыссаңыз, жылдың сыйлайтын қуанышы арта түседі.
Жеті санына тиесілі жандар үшін 2023 жыл өзін-өзі тануға, рухани дамуға арналған кезең болмақ. Әрбір қадамды ойланып басып, асығыс, қызу шешімдер қабылдамау қажет. Бұл жылы құндылықтар мен көзқарастарға қайта баға берген жөн. Сізге шынайы өмірге араласып, жұмыс істеп, материалдық қажеттіліктерді өтеу қажет. Жақындрыңызбен ара-қатынасты реттеп, жаңа баспалдаққа көтерілуге тырысыңыз.
Сегіз санына тиесілі жандар үшін жаңа жыл бизнес пен әлеуметтік дамудың, нақты шешімдердің жылы болмақ. Сондықтан ақша табу, сүйікі адамыңыздың жүрегін жаулау сынды істерге келгенде сенімді қадам басыңыз. Жарты жолда тоқтап қалмай, бастаған істі аяғына дейін апарыңыз. Өміріңіздегі үлкен өзгерістер жылдың басында-ақ болуы мүмкін. Бұл жаңа жұмыс орны немесе жаңа баспана болуы да ғажап емес. Жаңа жыл энергияның көп шығындалуына әкеледі, сол үшін денсаулығыңызға ерекше мән берген дұрыс. Егер осының бәрін қадағаласаңыз, табысқа жетесіз.
Тоғыз санына тиесілі жандарға өткенді ұмытып, алға қадам басқан жөн. Алдағы жылы барлық бітпеген іске нүкте қою аса маңызды. Мәселен қарызыңызды қайтару, жөндеу жұмыстарын аяқтау, құрылысты бітіру сынды жұмыстарды дер кезінде аяқтаңыз. Әйтпесе, тағы 8 жылға созылып кетуі мүмкін. Жақын арада сізді үлкен өзгерістер күтіп тұр, сондықтан, сізге өз ойларыңызды електен өткізіп, жаңаруға дайындалған дұрыс. Сатып алатын ірі заттардың барлығын кейінге қалдырыңыз. Денсаулығыңызға күтім жасап, үмітіңіз ақталмай жатса, қапа болмаңыз.
Кімдерге сақ болу керек?
2023 жыл 7 санының энергиясымен өтеді. Бұл рухани дамып, өзіңмен өзің қалатын кезең. Әрбір қадамды ұзақ ойланып, асығыс шешімге бармау қажет. Әр адамның ішінде шешім қабылдай алмай, күмәнданатын, шектен тыс сезімтал болып, зерігетін кездер болады. Бірақ бұл қүндылықтарды қайта қарап, өзгеруге бастайтын жол екенін ұмытпаңыз.
2023 жылы 7 санының басымдығы көп болатындықтан, сізге белсенді әрі позитивті болған пайдалы.
Кімдерге жаңа жыл табыс әкеледі? 2023 жылы 1,2,3,5 және 8 санына тиесілі адамдарды қаржылық табыс, жаңа бизнес пен жаңа мамандық күтеді.
1,2,3,4,5,6,8 санындағы адамдардың жеке өмірінде жақсы өзгерістер болады.
1,7,9 санындағы адамдар рухани дамып, өзіндік менін қалыптастыра алады.
Ал 4,7,9 санындағы адамдар үшін кез келген өзгеріс қажет емес.