Қаланың әрбір тұрғыны өзінің үстелінде үйде өндірілген өнімді көруге ынталы шығар, әсіресе бұл құс еті мен жұмыртқаға байланысты. Алайда дүкенге келгенде неліктен екені белгісіз бағасы төмен өнімді таңдайды, бұл ретте сатып алынған өнім шет елден әкелінуі мүмкін және сапасы төмен болуы мүмкін.
Импортқа тәуелділік – отандық ауыл шаруашылығы өндірісінің нақты проблемасы болып отыр, онымен мемлекет, отандық тауар өндірушілер және ғалымдар белсенді күресуде.
Бізде бір орында тұрмайық деп шештік, сондықтан сіздердің назарларыңызға құс фермасын ұйымдастыру бойынша бірнеше кеңесті ұсынамыз.
Сонымен, егер сіз құс фермасын ұйымдастыру туралы шешім қабылдасаңыз, бұл не үйрек, не тауық, не қаз, не бөдене немесе страус болсын, сізге ең алдымен өз кәсіпорныңызды тіркеумен айналысу қажет. Құстың түріне қарамастан кәсіпорынды тіркеу және өндірістік процестерді қалыптастыру біртұтас болып табылады.
Құс фермасын ұйымдастыру орнын таңдауға қатысты мынаны айтқымыз келеді. Өндірілетін өнімі өткізуге ғана бағатталатын кәсіпорынды құру кезінде (тауарлық кәсіпорын) құс фермасын өнімді өткізу нүктелеріне барынша жақын жерде орналастыру қажет. Сөйтіп, мысалы, егер сіз өнімді қала тұрғындарына сатуды жоспарлап отырсаңыз, онда өндірісті қалаға алыс емес жерде немесе қала шетінде көтеру керек.
Егер өз өндірісіңіздің ерекшелігіне асыл тұқымды төлді өсіруді таңдасаңыз, онда учаскені көлемді елді мекендерден және өзге де өндірістен шалғай жатқан экологиялық таза ауданда жалдау немесе сатып алу орынды болады. Өйткені елді мекендерге және өндіріске жақын орналасқан аудандарда инфекциялық аурулардың болуы ықтимал, бұл асыл тұқымды төлді өсіру процесін бәсеңдетеді және күрделендіреді.
Бұдан басқа құс фабрикасының өндірісі және оны орналастыру алаңдарын құстың түріне және оларға азық беруге қарай таңдаған жөн. Сөйтіп, егер сіз суда жүзейтін құстарды өсіру жөнінде шешім қабылдасаңыз, онда құс фабрикасының қасында су айдынының болғаны абзал. Страустар мен қаздарды барлық мезгілде жаяды, бұл ретте осы құстарға арналған жем аралас болуы мүмкін. Сондықтан қолайлы жағдай жасау үшін құс фабрикасының жанынан құстарды жаятын жер ұйымдастыру қажет, бұл ретте қаздар үшін әрбір дара құсқа шамамен 10 кв.м қажет, ал страустар қоршалған жерде жайылуы тиіс.
Құс фабрикасының құрылысын бастағанға дейін бірден құс жеткізушіні таңдау және онымен құс жеткізу шартын ресімдеу керек. Құс жеткізушіні өте мұқият таңдаған дұрыс, оның бара-барлығын және жеткізетін материалының (құстың) сапасын жан-жақты тексерген жөн.
Алайда құсты жеткізуден бұрын оны ұстауға неғұрлым ыңғайлы үй-жайды жабдықтау қажет. Оны салу кезінде құстың ең алдымен өтпе желді көтере алмайтынын есте сақтау керек. Өйткені өтпе жел құстың саулығы үшін өте қауіпті болып келеді. Ал жас құсты жылытылатын үй-жайда ұстаған орынды. Сондай-ақ салынған үй-жайдың өте берік іргетасы болуға тиіс, өйткені осы іргетас кеміргіштердің, мысықтар мен иттердің үй-жайға кіруінен сақтауға тиіс.
Құс фермаларында тұрақты температура режимін Цельсий бойынша 27 градусқа дейін ұстап тұру қажет, жазғы кезде желдетпені немесе ауа тазартқышты міндетті түрде орнату керек.
Бұдан басқа құс фермасының алаңы жоспарланып отырған құс санын ескеруге тиіс. Мысалы, қаздар мен күркетауықтарға қарағанда бөдене мен тауықтар таршылықты жақсы қабылдайды, бұл ретте бір құсқа ең аз алаң 1 кв. м. қажет, өйткені бұдан тар жағдайда құстың өнімділігі едәуір төмендеуі мүмкін.
Бұдан кейін жабдықты сатып алуға кіріскен жөн. Астаулар, су беру орындары, ұялар, инкубаторлар, мұздатқыш камералары және өзге жабдықтар сіздің бизнесіңізді дамытуда баға жетпес көмекші болады. Астаулар мен су беру орындарын бір жерде және әрбір құс оған жете алатандай етіп орнатқан дұрыс. Оларды жерден шамалы биіктікте орнатқан абзал және олардың тазалығын тұрақты негізде қадағалау қажет. Сонымен бірге қысқы кезде құс фермасын жарықтандырған орынды, өйткені жарық болған кезде құстардың, әсіресе жұмыртқа беретін құстардың өнімділігі әлдеқайда жоғары болады. Құс фермасының еденіне сабан төсеген жөн, бұл құс саңғырығын тазалауды ыңғайлы етеді.
Ең жақсысы құстарды жемдеу үшін өзіңіздің жем-шөп өндірісіңізді ұйымдастырғаныңыз дұрыс, ол алдағы уақытта өнімнің өзіндік құнын төмендетуді қамтамасыз етеді. Өзіңіздің жем-шөп өндірісіңізді ұйымдастыру мүмкін болмаған жағдайда құстарға арналған азықты кәсіби фермерлік шаруашылықтардан немесе зауыттардан сатып алғаныңыз дұрысырақ болады.
Сондай-ақ құстың еті мен жұмыртқасы түріндегі негізгі өнімдерден басқа мамық, қауырсын, және саңғырық сияқты екінші дәрежелі өнімдер өндіріледі. Екінші дәрежелі өнімдерді өсімдік шаруашылығы үшін тыңайтқыштар ретінде пайдалануға, жастық жасауға немесе оларды мүдделі адамдарға жай сатуға болады. Сонымен бірге осы өнімдерді сату үшін мынадай қызметті іске асыруға рұқсат беретін арнайы сертификат болуға тиісті.