Фердинанд Порше – (1875–1951 ж.ж.) Porsche компаниясының негізін қалаушы, танымал “Фольксваген” көлігін құрастырушы, ХХ ғасырдың атақты автокөлік құрастырушыларының бірі.
1. 15 жасында Фердинанд Порше өзінің алғашқы жеке генераторын жасайды. Соның нәтижесінде үйінде электр лампасы жанған. Бұған дейін олар тұратын қалашық – Мафферсдорфта жарық көзі тек қалашық басқармасында ғана болған екен.
2. Фердинанд Порше 1889 жылы мектеп пен кәсіптік училищені тәмәмдап, қаңылтырдан бұйым жасайтын шебердің оқушысы атанады. Бұл шебер – өз әкесі болатын. Яғни, оның еңбек жолына ең алғашқы қадамына шебер әкесі көмектескен еді. Фердинанд бұнымен ғана шектелмейді. Жергелікті аймақта шағын элекртқозғалтқыштар шығаратын веналық фирма болады. Сол кезде Техникалық университеттің студенті атанып жүрген ол аталмыш фирмаға жұмысқа қабылданады. Алайда, сыпырушы ретінде.
3. Порше жанұясында Фердинанд есіміне аса құрметпен қараған. Тіпті Фердинанд Поршенің ұлы да осы атқа иемденген. Кейде Ферри деп те атаған екен. Оған қоса, оның ұлы әкесінің атын иемденіп қана қоймай, әкесінің талантын да бойына сіңіре білген: ол да – әлемге танымал құрастырушы. Уақыт өте келе Ферри де өз баласына әкесінің есімін береді. Бірақ, отбасы мүшелері шатаспас үшін оған «Бутци» деп лақап ат берген. Бұл есімнің жалғастығы бұнымен біткен жоқ. Үлкен Фердинанд Поршенің қызы Лиуза өз ұлының атын да Фердинанд деп атаған.
4. Бұл жанұяның талантында шек жоқ болатын, тіпті, олар өрімдей кезде де өнертапқыш атанған. Үлкен Фердинанд электр лампасымен қалашықты қуантса, немересі Фердинанд Александр Порше 24 жасында Porshe 911 көлігінің үлгісін жасаған. Бұл үлгі осыған дейін бастапқы сипатын жоғалтпаған.
5. 1900 жылы Porshe фирмасының қызметкері Лонердің көмегімен Lohner-Porsche атты электромобиль құрастырған. Париж көлік салонында бұл фантастикалық көлік көрменің ең керемет автокөлігі атанды. 25 жасар үлкен Фердинанд Порше осы кезден бастап әлемге танымал бола бастады.
6. Сол жылы, яғни, 1900 жылы Порше әлемдегі алғашқы электрлі қозғалтқышпен жүретін жарыс электромобилін жасайды. Бұл әлемдегі ең алғашқы гибрид (бір энергия көзімен алдыңғы дөңгелектері жүріп отыратын көлік) еді. Ал гибрид қазіргі технологияда жетілдірілген түрі қолданып жүр. Демек, осыдан-ақ Поршенің болашақтың алдын ораған өнертапқыш екенін көруге болады.
7. 1906 жылы 30 жасар Фердинанд Порше Austro-Daimler компаниясының техникалық директоры қызметін атқарады. Аталған компания жеңіл көлік шығарумен айналысатын. Бірақ, Фердинанд жарыс көліктерін бірінен соң бірін шығарады.
8. 1910 жылы ханзада Генрих Пруссккий атындағы көлік жарысында Порше құрастырған көліктерге ешқандай қарсылас қарсы тұра алмаған. Austro-Daimler командасы үш бірінші орынды жеңіп алған. Сонымен қатар, сол автокөліктердің бірін Фердинандтың өзі айдаған екен.
9. Фердинанд Порше көлік жарыстары десе, ішкен асын жерге қойған. Танымал «Ле-Ман 24 сағаты» атты көлік жарысында жүргізушілер алдымен көліктеріне дейін жүгіріп барып, содан соң, шапшаңдық танытып, көліктерін тез-тез қыздырып, жолға шығу керек екен. Жүргізушіге ыңғайлы болу үшін көлікке отыра сала, қыздыру мақсатында кілтті рульдің сол жағына орналастырған екен.
10. 1931 жылы Фердинанд Daimler компаниясынан шығып, өз ісін жалғастырады. Тапсырыс берушілер күн санап өсіп жатады. Бірақ, Порше өзінің жеке көліктеріне де уақыт табады.
11. 1934 жылы Porsche компаниясына герман үкіметінен халықтық автокөлікке тапсырыс береді. Тапсырысты қабылдаған Порше 1935 жылы “Фольксваген” автокөлігінің үлгісін таныстырады.
12. Porsche компаниясының логотипі тек 1952 жылы шығарылған. Ферри Порше Нью-Йоркке келіп, компанияның Америкадағы импортшысы Макс Хоффман екеуі түскі ас ішіп отырады. Ас үстінде Макс Хоффманн Поршеден «Өзге танымал маркаларда логотип бар да, ал бұл фирманың логотипі неге жоқ?» деп сұрақ қояды. Ферри Порше қағаз сулық алып, бір сурет салады. Қағазда аттың суреті бейнеленген. Бүгінді бұл эмблема компанияның символына айналған. Негізінен, бұл ат кезіндегі Вюртемберг облысының елтаңбасында бейнеленген. Ал Поршенің компаниясының іргетасы осы облыста қаланған екен.