No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Kazbusiness

Жиған-тергені арнасынан асқан байлар 2024 жылы салық төлемек

Бай-бағландар артық мүлкі үшін қашан салық төлейді, журналистердің көкей кесті сауалына Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жауап берді.

05.01.2023
Kazbusiness, Жаңалықтар
34
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

“Қазір барлығын талқылап жатырмыз. Бізде әртүрлі ұсыныстар бар, соның ішінде жеке тұлғаның бірнеше жылжымайтын мүлкі болса, екі-үшуіне әдеттегі салықты төлейді. Бірақ егер одан көп болса, басқа салық төлейді дегендей әртүрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз. Мұнда салық не құны, не саны бойынша белгіленеді. Мұның бәрін әрі қарай да талқылаймыз”, – деді министр.

Айтуынша бұл талқылаулардың ең белсенді кезеңі 2023 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

“Қазір біз бұл норманы егжей-тегжейлі түсіндіріп жатырмыз. Жұмыс тобы тұтастай алғанда мүлдем жаңа Салық кодексін талқылаудың белсенді кезеңіне өтуде. Біз 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында мұны белсенді түрде талқылауды жоспарлап отырмыз”, – деді Әлібек Қуантыров.

Министрдің сөзінше, бұл номаны енгізу тек осы салықты төлеуге қабілетті ауқатты адамдардың “қалтасына” әсер етеді.

“Бұл оларға айтарлықтай салмақ салмайды. Жаңа салық негізінен қымбат көліктерге, басқа да сәнді заттарға, мүмкін антиквариатқа, жылжымайтын мүлікке және өзге де бағалы заттарға салынуы мүмкін”, – деді ведомство басшысы.

Осы ретте министр алым 2024 жылдан бастап күшіне енетінін атап өтті.

“Келесі жылы осы жаңа Салық кодексі бойынша белсенді жұмыс істейміз. Оны күзге дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Одан кейін оны Парламентке ұсынамыз. Норманың ары қарай қабылдануы Парламентке байланысты болады. Әлбетте, салық әлі талай талқыланады. Әзірге біз аталған салықты және жалпы жаңа Салық кодексін 2024 жылдан бастап енгізуді жоспарлап отырмыз”, – деп түйіндеді министр.

Байланысты Материалдар

Мен 20+ жылмен саяхаттадым, және осы 16 премьер-министрлер – 8 доллардан – саяхат + демалыс

09.07.2025

Милан Бергамо әуежайы адам реактивті қозғалтқышқа түскеннен кейін 2 сағаттан жуады және өлтірілді – CBS жаңалықтары

09.07.2025

Уолл-стрит Дональд Трамптың тарифтік қаупіне қарамастан, АҚШ қорларында көбірек кедергі жасайды – Financial Times

09.07.2025

S & P 500 фьючерстері Трампты сатып алу уақыты ретінде тұрақты ұстады: базарлар – Bloomberg

09.07.2025

Қор нарығы 2025 жылғы 3 шілде: Dow RITS;Мықты жұмыс орындарының лифтілері базарлары – WSJ

05.07.2025

Ашибай Робиндіктердің «ашық шоспен» – Техниканы айыптайды

04.07.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда есірткі зертханаларының саны азайып келеді

30.05.2023

Кинотеатр қызметтері бір жылда 12%-ға қымбаттаған

20.04.2023

Автокөлік өндірісі бір жылда 25 пайызға артты

19.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа