No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Өнеркәсіп салаларын дамыту жоспарлары талқыланды

Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов салалық басқармалардың жұмыс қорытындысын тыңдап, биылғы жылға жоспарымен танысты,  деп хабарлайды  kazbusiness.kz сайты BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

08.01.2023
Жаңалықтар
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жиын барысында жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, түсті және қара металлургия, көмір және химия өнеркәсібі, машина жасау, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар басқармаларының басшылары баяндама жасады.

Айталық, автомобиль, арнайы техника және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау басқармасының басшысы Руслан Хисамутдинов саланың өзге елдерде даму тарихына сараптама жасап, отандық өндірістің бүгінгі жай-күйіне тоқталды.

2021 жылы ЖІӨ-дегі автоөнеркәсіп секторының үлесі 0,5 пайызды құраса, 2027 жылы бұл көрсеткішті 6,9 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Алдағы уақытта жаңа жобаларды жүзеге асыра отырып, нарықтағы отандық авто үлесін 77 пайызға арттыру жоспарымызда бар,- деді Руслан Хисамутдинов.

Ал, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар басқармасының басшысы Алмат Досқалиев аймақтардың тиімділігін арттыру мақсатында енгізілгелі отырған жаңашылдықтарға тоқталды.

Біз АЭА қызметінің тиімділігін арттыру бойынша Жол картасын әзірледік. Жол картасы АЭА дамыту жөніндегі басты стратегиялық құжатқа айналады және барлық мүдделі тараптарды нақты міндеттерді шешуге жүйелендіруге мүмкіндік береді. Технологиялық күрделілігіне, жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне қарай инвестициялық преференцияларды ұсынуда сараланған тәсіл ұсынылады. Сондай – ақ аралас режимдегі аумақты енгізу көзделуде, – деді Алматы Досқалиев.

Өз кезегінде Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов әрбір бағытты дамыту бойынша өз ұсыныстарын айтып, комитеттің биылғы жылға көзделген негізгі мақсаттарына тоқталды.

Әрбір өнеркәсіп саласынының ел экономикасындағы маңыздылығы жоғары. Біздің кәсіпорындар ел азаматтарын тұрақты жұмыс орындарымен қамтып, ішкі және сыртқы нарықта белсенді дамуда. Осы ретте өз тарапымыздан қолдау көрсетіп, жаңа деңгейге көтерілуіне септігімізді тигізуіміз керек,- деді Ілияс Оспанов.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Жетісу облысында тауарлардың 94% – ы таңбалау тәртібі бойынша сәйкес келмейтіні анықталды

01.02.2023

Қант арзандауы мүмкін: Шикі қант бажсыз әкеліне бастайды

31.03.2023

Кімдердің шәкіртақысы өседі?

02.03.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа