No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ағаш өңдейтін кәсіпорындар ресейлік шикізатты көлікпен тасымалдай алады

11.01.2023
Жаңалықтар
5
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Тараптар мұндай келісімге ҚР мен РФ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағалары Серік Жұманғарин мен Алексей Оверчуктың екіжақты келіссөздері барысында қол жеткізді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ағаш өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлердің бастамасымен Ресей Федерациясынан ағаш материалдарын әкету туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Әзірге ағашты әкету маршруттары Қазақстан-Ресей шекарасындағы 3 автомобиль өткізу пункті арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл Қостанай облысындағы Бугристое бекеті, Батыс Қазақстан облысында – Озинки және Солтүстік Қазақстан облысында – Петухово бекеті.

Тиісті норма Ресей Федерациясының «Ағаштың жекелеген түрлерін және оны жүк көлігімен қайта өңдеу өнімдерін тасымалдау тәртібі және Ресей Федерациясы Үкіметінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 2552 қаулысында жазылған.

Еске салсақ, 2022 жылдың қаңтарынан бастап Ресей тарапы автомобиль көлігімен ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салуды енгізді. Сондай-ақ, өткен жылдың қыркүйегінен бастап Ресей Федерациясынан Қазақстанға ағаш материалдарының кейбір түрлерін әкетуге теміржол көлігімен ғана рұқсат етілді. Бұл тыйым ағаш материалдарын Ресейден Қазақстанға тасымалдау жағдайын одан әрі нашарлатты.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтың айтуынша, ресейлік ағаш материалдарын ұазаұстандық 300-ден астам кәсіпорын тұтынады.

«Ресей Федерациясынан орман өнімдерін тек теміржол көлігімен әкету Қазақстанда ағаш материалдары құнының қымбаттауына алып келді. Өйткені теміржол көлігінің тарифтері автокөлікпен тасымалдау құнынан едәуір асып түсті. Ресей Федерациясының біржақты шектеу шараларын қолдануы Қазақстанның ағаш өңдеу салалары үшін қолайсыз экономикалық зардаптар туғызды. Қазір мәселе шешіле бастады. Ағаш өңдеу кәсіпорындары мен жиһаз фабрикалары ресейлік орманды алаңсыз сатып алып, оның ҚР аумағына жеткізілетінін біле алады», – деді Тимур Жаркенов.

Спикер бүгінде Ұлттық палатада Ақтөбе, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының Қазақстан-Ресей шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы ағаш материалдарын әкетуге рұқсат беру мәселесі пысықталып жатқанын айтты.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Автокөлікке арналған VIP нөмір: құны қанша және қалай онлайн сатып алуға болады

22.06.2023
Фото: Polisia.kz

Алматыда субсидия алып береміз деп уәде берген күдіктілер ұсталды

31.05.2023

Қостанайда агроөнеркәсіпке бөлінген 500 млн теңгеден астам субсидияны бір топ адам жымқырған

22.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа