Жеке қаржы жөніндегі сарапшы Brown Ambition Мэнди Вудрафф-Сантостың 34 жасында 700 мың долларға ие болғаны мәлім. Ол өз кірісін 40 жасқа дейін 1 млн долларға дейін өсіруді жоспарлап отыр және оны негізінен кірістер, жинақтар, зейнетақы және инвестициялық шоттар есебінен ұлғайтуды көздеуде. Бұл – дұрыс қаржы әдеттерін қалыптастыра білгенде, ақшаны тек жинақтап қана қоймай, жинақтарыңызды айтарлықтай арттырудың жарқын мысалы. Олардың ең пайдалысын қарастырайық.
N 1 әдет. «Шашпа бекер барыңды»
Алға батыл мақсаттар қойыңыз, мысалы, белгілі бір мерзімде пәтер немесе көлік алуға ақша жинаңыз. Осындай мақсаттарға қол жеткізу, бір қарағанда қиын болып көрінуі мүмкін. Мұндай мақсаттарға бір қарағанда, әсіресе кірісіңіз аз болып, оны арттыру қажет болғанда, қол жеткізу қиын болып көрінуі мүмкін. Бірақ өршіл мақсаттарыңызды кішігірім мақсаттарға бөліп, оларға қол жеткізу керек, сонда ғана алға сеніммен жылжи аласыз.
Мысалы, депозитке бірден көп мөлшерде ақша салудың қажеті жоқ. Алдымен аздан бастаңыз, сізге келіп түсетін кез келген кірістің, мысалы жалақы, бонустар, төлемдер, ақшалай сыйлықтардың және т.б. шамамен 5-10 пайызын аударыңыз. Көбірек салсаңыз тіпті жақсы.
Неліктен бұл маңызды? Осылайша сіз өзіңіздің қаржылық қауіпсіздік жастықшаңызды қалыптастырасыз. Әлемде тұрақты ештеңе жоқ. Егер сіз ертең кенеттен түрлі себептермен жұмыстан кетуге мәжбүр болсаңыз және біраз уақыт табыссыз қалсаңыз, онда өзіңіз бастап қалыптастырған және толықтыра бастаған резервтік қор сізге көмекке келеді. Сіздің қаржылық жастықшаңыздың мөлшері кем дегенде 6-9 ресми жалақыдан тұруы керек.
Жастық шақтан бастап, алаңсыз қарттығыңызды ойлаңыз. Өз болашағыңызға ай сайын немесе жыл сайын қанша ақша бөліп, жинауға дайын екеніңізді ойластырыңыз. Тіпті аз ақшаның өзін ертерек жинай бастасаңыз, соғұрлым жақсы нәтижеге жетесіз.
N 2 әдет. Қарыз алмаңыздар, кредиттік жауапкершілігіңізді арттырыңыз!
Қалай көп ақша табуға, тағы не істеуге болатындығы, адамдарға қосымша табыс табу үшін қандай қызмет ұсынуға болатындығы туралы ойыңызды қайта ойластырған дұрыс. Сондай-ақ егер сізде ақша жетпесе, онда сіз уақытша үнемдеуді, жеңілдіктер, сатылымдар және т.б. іздеуді үйренуіңіз керек.
Әрине, қарызға сатып алу, яғни кредит немесе бөліп төлеу, бірақ тауарды немесе қызметті дәл қазір алу әлдеқайда оңай. Бірақ қаржылық тұрғыдан сауатты адамдар әрқашан күте тұруға: әуелі жинауға және содан кейін сол затты өз ақшасына сатып алуға тырысады.
Уақыт өте келе қымбаттайтын заттарға, мысалы, пәтерге немесе болашақта сіздің шығындарыңыздан да көп табыс әкелетін бизнесті дамытуға кредит алу экономикалық тұрғыдан тиімдірек.
Ал тұтынушылық кредиттер табыс әкелетін заттарды сатып алуға арналмаған. Оларды адамдар әдетте киім, тұрмыстық техника, демалыс және т.б. ресімдейді. Сонымен қатар, мұндай кредиттер бойынша пайыздар жоғары, яғни сізде одан да көп шығындар болады. Сондықтан кредит алудан бұрын, яғни өз еркімен қосымша қаржылық міндеттемелерді жүктемес бұрын, «иә» мен «қарсы» деген ұғымды саралап, талдап алған жөн. Банктердегі немесе микроқаржы ұйымдарындағы қолданыстағы берешегіңізді өтеу үшін «жалақыға дейін» берілетін қарыздарға немесе кредиттерге қызығудың тіптен керегі жоқ. Кредит құрсауынан шыға алмай қалуыңыз мүмкін. Осыны ойланыңыз.
N 3 әдет. Нақты мақсатқа жинаңыз!
Қаржыны жоспарлау кезінде алдына нақты мақсаттар қоятын және нәтижеге негізделген спортшылардан үлгі алыңыз. Егер сіз не үшін жинақтау қажет екенін, не нәрсеге және қандай мерзімде қол жеткізгіңіз келетінін білсеңіз, онда қажетті соманы жинақтау мүмкіндігі соғұрлым жоғары.
Біреу ақшаны сыртына, мысалы: емделуге, сыйлықтарға, білім алуға, саяхатқа және т. б. жазылған әртүрлі конверттерде сақтайды. Ең дұрысы – осы мақсаттарға бірнеше депозит ашып қою. Бұл сізге қолыңызда тұрған ақшаны бір сәттік қалауыңызға жұмсамай, стратегиялық нәрселерге назар аударуға және нәтижесінде жеңіске жетуге мүмкіндік береді.
N 4 әдет. Өз активтеріңізді әртараптандырыңыз!
«Жұмыртқаларды бір себетке салмаңыз» – барлық уақытта өзекті, көнеден келе жатқан шындық. Әртараптандыру қаржы құралдарының белгілі бір теңгерімін болжайды. Мысалы, егер сіз депозит ашсаңыз, онда мұны бірден бірнеше банкте және мемлекет кепілдік берген сома шегінде жасаңыз: жинақ депозиттерінен басқа ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 10 млн теңге, шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 млн теңге, ал жинақ салымдары бойынша 20 млн теңге. Депозитте ақшаны әр түрлі валютада ұстаған дұрыс.
Егер сіз өз қаражатыңызды бағалы қағаздарға инвестицияласаңыз, онда оларды әртараптандырыңыз. Мысалы, ақшаны тек акцияларға салу шығынға әкелуі мүмкін, ал егер сіз портфеліңізге облигацияларды қоссаңыз, бұл сіздің тәуекелдеріңізді теңестіріп, табыс әкелуі мүмкін.
N 5 әдет. Күнделікті өмірде ақылға қонымды үнемдеу қағидаларын қолданыңыз!
Мысалы, таксиге кететін шығындарды азайту үшін жаяу жүріңіз, асханаларға немесе кафелерге ақша жұмсамау үшін үйден тамақ алыңыз. Бұл тек шығынды азайту ғана емес, сонымен қатар пайдалы. Бұл ақылға қонымды тұтынудың мәні, яғни сізді қалаған затыңызды, сол жерде, сол күні сатып алмауға, эмоционалды импульстарға тәуелді болмауға үйрететін өте жақсы дағдының бірі болып табылады. Әрине, түрлі тауарлар мен қызметтерді өндірушілер өз өнімдерін басқа адамдардың қызығушылықпен сатып алуы үшін көз тартатын, тартымды жарнамалар, жеңілдіктер, акциялар және басқа да «қызығушылық тудыратын» жарнаманы қолданады, бірақ сіз маркетологтардың айла-амалдарына алданып қалмаңыз. Табысты және бай адамдардан үлгі алыңыз.
Мысалы, әйгілі миллиардер Марк Цукерберг сәннің соңғы үрдістерін мүлдем ұстанбайды және өте қарапайым киінуді жөн көреді. Ол әрқашан бір киім киеді: оның гардеробы тек бірдей джинсы мен футболкалардан тұрады. Цукербергтің пікірінше, бұл таңдау проблемасынан арылуға көмектеседі және маңызды тапсырмалар үшін уақытты босатады. Ал әлемдегі ең бай адамдардың қатырына кіретін Google-дің негізін қалаушы Сергей Брин, өнімдер мен заттарды… төмен баға дүкенінде, яғни көтерме маркеттерде сатып алады. Оның айтуынша, балалық шағында ата-анасы оған қымбат заттарсыз-ақ бақытты болуға болатындығын үйреткен.
Дегенмен, әрдайым қатаң шектеулер мен пайдасыз шығындар арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажет. Егер сіз барлығына толық тыйым салсаңыз, мысалы, толық үнемдеуді сақтасаңыз, онда ішкі тыйымдарды бұзу қаупі едәуір артады. Импульсивті сатып алулар негізінен осылай жасалады. Сондықтан, анда-санда өзіңіздің қалағаныңызды алуға тырысыңыз.
N 6 әдет. Ойыңызды өзгертіңіз және пассивті кіріске ие болыңыз!
Пассивті кіріс – бұл сіздің жұмыс қабілетіңізгеа және өзге де жағдайларға қарамастан сізге үнемі түсіп отыратын ақша. Әртүрлі қаржы құралдарына инвестиция салу пассивті табыстың бір түрі болуы мүмкін. Егер сізде бос қаражат болатын болса, оларды жұмсау үшін бірден дүкенге жүгірудің қажеті жоқ. Ақша сізге жұмыс істеу үшін оны қайда бағыттау керектігі туралы ойланыңыз.
Мысалы, ақшаны тұрақты түрде дивидендтер төлеп отыратын компаниялардың бағалы қағаздарына сала аласыз. Немесе өмірді жинақтаушы сақтандыру полисін сатып алуға болады, ол сақтандыру жағдайы туындаған уақытта сіздің ақшаңызды қорғап қана қоймай, сондай-ақ баланы оқыту, үйлену тойын жасау және тағы да басқа сияқты өмірдің маңызды кезеңіне белгілі бір сомада қаражат жинап қоюға мүмкіндік береді. Қымбат металдар, тастарға инвестициялар салу, жылжымайтын мүлік не автокөлікті және басқа да мүлікті жалға беру сияқты пассивті кіріс көздерін қарастыруға болады.
Сондай-ақ болашақта сізге баға жетпес бонустар әкелуі мүмкін білім алуға, жаңа қаржы дағдыларын үйренуге де инвестициялар құюдың ұтымды шешім екенін естен шығармаңыз.
N7 әдет. Қаржылық ревизияны үнемі жүргізіп отырыңыз!
Егер сіз ақшаңыздың қайда жұмсалып жатқанын білмесеңіз, онда сіздің жеке қаржылық жоспарын жасай алуыңыз да екіталай. Сіздегі шығыстардың қай баптары асып түсетінін түсіну бұл – оң өзгерістерге алғашқы қадам.
Сол үшін де айына тым болмағанда бір рет өз кірісіңіз бен шығысыңызды қайта санап, жасаған саудаңызға, оңтайландыруға болатын активтеріңіз бен пассивтеріңіздің түрлеріне талдау жасаңыз, яғни неден құтылып, нені сатып, қандай шығын мен саудадан бас тартқан дұрыс. Өзіңіз пайдаланатын қаржылық қызметтердің, мысалы әлдебір банктегі салымдардың талаптарын тағы бір рет зерделеп, талдау жасаңыз.
Осы «қаржылық қателермен жұмыстағы» маңызды талап – бірер күннен кейін немесе екі аптадан соң есепті тастамай, тым болмағанда жарты жылға күнделікті әдетіңізге айналдыру. Бұл уақыт ішінде сіз шығыс пен кірісті талдауға әбден үйреніп, қаржылық жоспарыңызға қандай оң өзгерістердің енгенін байқайсыз.
Егер сіз үшін мұндай қаржылық әдеттерді өмір салтыңыз ретінде ұстану қиын болса, оларды өз өміріңізге біртіндеп кіргізіңіз. Алдымен сіз үшін сіздің пікіріңізше ең тиімді әрі пайдалы әдетті таңдаңыз, оң нәтижесін байқаған соң бірден келесі әдетке көшіңіз.