«Ауыл шаруашылығында өнімділіктің төмендігі мәселесі әрқашан біздің ойымызда. Субсидиялау жүйесін өзгерту барысында тікелей өнімділікке әсер ететін қаржыландыру бағытын қалдырамыз деп ойлағанбыз. Артынша өзгеде өңірлердегі ауыл шаруашылығы бағытында еңбек етіп жүрген мамандармен сөйлесе келе ортақ шешімге келдік. Мәселен, сүттің литріне және еттің келісіне деген баға сол күйі қалды. Неге десеңіз, ол қазіргі таңда маңыздылыққа ие», – деді Әлихан Смайылов.
Сөз соңында Үкімет басшысы ауыл шаруашылығын субсидиялауда фермерлердің пікірі өте маңызды екенін атап өтті.