«Активтер» және «пассивтер» сөздерін алғаш естіген адамға олар түсініксіз сөздер болып көрінуі мүмкін. Бұл бухгалтерлік есеп саласындағы терминдер сияқты және күнделікті өмірде оның айтарлықтай пайдалы болмайды. Алайда активтер мен пассивтердің негізгі мәні уақыт өте келе – үйде, бюджетті жоспарлау кезінде белгілі болады.
Біздің әрқайсымыз дерлік – актив иесіміз. Мысалы, жақында банк шотын ашқан көрші Василий, туған күнінде әкесі Талғар ауданындағы саяжайды атына аударып берген әріптес Аида немесе таңертең Интернеттен алдағы күнге жұлдыз жорамалды емес, қор биржасының электрондық жаңалықтарын оқитын екі акционер – апалы-сіңлілі Алиса мен Алина.
Активтер – бұл табыс әкелетін нәрсе, яғни ол қандай да бір сомаға татитын ақша немесе оны сатуға болады. Мысалы, жер телімі, үйлер, пәтерлер, бағалы қағаздар, депозиттер, Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын монеталары, антиквариат т.б.
Пассивтер дегеніміз – бұл біреуге қарыз болу. Мысалы, досыңыздан екі ай бұрын қарызға алынған ақша, бірақ біреулердің алдындағы ешқашан бітпейтін өзге де міндеттемелер қарызды қайтаруды қиындатады. Пассивтер дегеніміз – сіз уақтылы төлемеген кредиттер, енді олар мойынға байланған тас сияқты сізді құрдымға тартады.
Актив пен пассив арасындағы айырмашылықты нақты түсіну үшін қарапайым автомобильді алайық. Егер сіздің жұмысыңыз қандай да бір түрде сапарлармен байланысты болса және көліктің болуы сіздің мамандығыңыздың міндетті шарты болса, онда бұл – актив. Қалай болғанда да, автомобиль бензинге, жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге және басқа да техникалық қызметтерге шығатын шығынды талап ететін пассив болып табылады.
Отбасының бюджетін құру кезіндегі міндетті талап – активтер мен пассивтердің есебін жүргізу. Ақшаңыздың қайда кетіп жатқанын түсіну үшін қаржылық жоспар құру, яғни өз шығыстарыңыз бен кірістеріңізді күнделікті жазып отыру қажет.
Мәселен:
Кірістер – сіздің барлық алатын ақшаңыз.
Шығыстар- сіздің барлық жұмсайтын ақшаңыз.
Еңбекақы
Зейнетақы
Шәкіртақы
Жәрдемақылар және т.б.
Пәтер төлемі
Коммуналдық қызметтер
үшін төлемдер
Көлік және т.б.
Активтер – кірісті арттырады
Пассивтер– шығынға әкеледі
Жылжымайтын мүлік
Жер учаскесі
Жинақтау шоты
Бизнес
Инвестициялар және т.б.
Ипотека
Тұтынушылық кредиттер
Журнал, газеттерге жазылу
Басқа ақшалай қарыздар және т.б.
Төлемдерден кейін қалған барлық бос ақша, бұл сіздің таза пайдаңыз. Төлемдернен кейін ақша мүлдем қалмайтын жағдайлар да кездеседі және көбінесе шығындар кірістерден асып кетеді. «Қарызға белшемнен баттым» дейсіз, бірақ ақша тағы да «Пассивтер» бөліміне барады. Осы тұйық шеңберден шығу үшін өз пассивтерін азайту қажет (барлық кредиттерді төлеп, жаңадан қарыз алмау), ал бос қаражат, ақшаның барлығынан кейін қалатын бөлігін бәрінен де инвестициялаған дұрыс, мәселен, депозитке салу. Яғни, қарапайым сөзбен айтқанда, өз активтерін ұлғайтуды бастау.
Кіріс әкелетін активтеріңіз көп болған сайын, қаржы тұрғысынан сенімді және қорғалған болып саналасыз, өйткені сізде кіріс көздері көп болады. Тіптен, егер қандай да бір сәтте сіз, жұмыссыз қалсаңыз да, осы кезеңді салыстырмалы түрде ауыртпалықсыз бастан өткере аласыз – өйткені сізде басқа кіріс көздері – сіздің активтеріңіз қалады.