Жоспарлауға арналған үш қадам
Шығыстардан кейін жинақтауға ақша қалу үшін не істеу керек?
№ 1 қадам – Мақсатымызды нақтылаймыз
Кез келген жинақтың қандай да бір түпкі мақсаты болуы тиіс. Қаражатты жинақтар алдында ең алдымен күрделі емес «Бұны не үшін істеп жатырмын?» деген сауалға жауап беру қажет, басқаша айтар болсақ, өзіңіздің қаржылық мақсатыңызды айқындау қажет. Бір түйін: мақсат нақты қойылуы тиіс, яғни алдағы сатып алу, талап етілетін сома мен орындау мерзімі көрсетілуі тиіс.
Қаржы мақсатын дұрыс қоймау: «Машина сатып алғым келеді». Немесе: «Балаларыма дұрыс білім бергім келеді». Қаржы мақсатын дұрыс қою: «Төрт жылдан кейін «У» маркалы құны 10 млн теңге болатын машина сатып алғым келеді». Немесе: «Баламның «Х» ЖОО-да білім алғанын қалаймын және бұл үшін 10 жылда 5 млн теңге жинауым қажет». Қойған мақсаттарыңыз шындыққа жанасатындай болуы өте маңызды.
№ 2 қадам — Өзіңізге бизнес-жоба ретінде қараңыз.
Кез келген табысты кәсіпорынға қажет сияқты Сізге де қаржы жоспары қажет. Оны қалай жасау керек? Екі бағаннан тұратын кесте сызыңыз. Алдымен сол бағанға өзіңіздің барлық кірістеріңізді (жалақы, пәтерді жалға беруден болатын кірісті және басқаны) жазыңыз. Келесі бағанға өзіңіздің барлық шығыстарыңызды жаза бастаңыз. Қазіргі таңда өз бюджетіңізді жүргізу үшін көптеген бағдарлама бар, ең бастысы мұны үнемі істеп отыруыңыз қажет.
Өзіңіздің кірістеріңіз бен шығыстарыңыздың нақты жазылған жоспарын көріп отырған кезде, Сіз қай бағытта қозғалуды анықтай аласыз. Мақсатты түзету – іске асыру мерзімін қысқарту/ұзарту, соманы нақтылау және т.б. Ақшаны белгіленген мерзімде айқындалған мақсатқа жететіндей жұмсаған дұрыс.
Ақша мәселесіне келгенде жоспарлаудың маңызды екендігі анық көрініп тұрады. Ең көп жіберілетін қателік – өз басыңызда жоспарлауға тырысу. Қағазға жазылмаған қаржы жоспары – нашар жоспар. Сондықтан өз кірістеріңіз бен шығыстарыңыздың есебін қағазда, компьютерде немесе мобильді қосымшада жүргізген дұрыс.
№ 3 қадам — Ақша жұмыс істеуі қажет.
Қаржылық әл-ауқатқа алғаш қадам жасай отырып, ол ақшаны сақтауды және жинауды үйрену, келесі қадам ақшаны дұрыс жұмсай білуге кірісу қажет. Өзіңіздің бос қаражатыңызды инвестициялай отырып, сіз әдеттегі жинаған кездегі жедел «еритін» ақшаның сатып алушылық қабілетін сақтайсыз.
Бұл банктегі салым сияқты қарапайым құрал, немесе аздап күрделі – бағалы қағаздармен сауда жасау, бұның барлығы дұрыс жасалған кезде өзіңізді жеткілікті капиталмен қамтамасыз етуге көмектеседі. Инвестициялау – бұл капиталды сақтау немесе сатып алушылық қабілетін ұлғайту үшін түрлі қаржы құралдарына капиталды орналастыру.
Адам өмір сүрген әр жыл алынған білім, тәжірибе, басқа адамдармен араласу есебінен баю, қандай да бір мақсаттарға жету түріндегі дивидендтер әкеледі. Көп адам бұл ретте алға қойылған мақсатқа жақындауда көп ақша жұмсайды. Алайда ақша – мақсатқа жету үшін тек құрал болып табылады. Ақшаға дұрыс қарай білуді де үйрену қажет және сонда ғана ақша сізге жұмыс істей бастайды. Өз болашағы туралы байыпты ойлауға дайын әрбір адам үшін қаржы еркіндігі жолына есік ашық.