“Центральный” шағын ауданының тұрғындары жалдамалы пәтерлердің бірінен жағымсыз иіс шыққан соң Атырау ҚБ No2 қалалық полиция бөліміне шағымданған.
Аталған факті бойынша келген учаскелік полиция қызметкерлері пәтерді тексеру барысында Алматы облысының 35 жастағы тұрғынының балды заңсыз өндіріп, сауда орындарына өткізгені анықталды.
Ер адам санитарлық талаптарды сақтамай, жуынатын бөлмеде және пәтердің еденінде бал өнімдерін дайындап, рұқсатсыз кәсіпкерлікпен айналысқан.
Аталған оқиға бойынша тиісті құжаттар жинақталып, Атырау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.