Мұнда төрт менеджер-кеңесші жұмыс істейді: Заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер бойынша, бухгалтер, маркетолог, қаржыландыру және мемлекеттік қолдау алу мәселелері бойынша маман.
Қызметтерді облыстың әр аймағынан келген кәсіпкерлер пайдалана алады. Әр ауданда ӨКП филиалы бар.
Қарағанды қаласының КҚКО мекенжайы: Ермеков көшесі, 29 (1-қабат), телефон: (8-7212) 54-64-12.
https://g4b.kz портал арқылы онлайн режимінде кеңес ала алуға және сервистік қызметтерді алуға болады.
— Өткен жылдың қорытындысы бойынша кәсіпкерлік бастамасы бар 1200-ден астам азамат Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында тегін сервистік қызметтер алды. Оның ішінде 520 клиент өз бизнесін ашты. Қалалар мен аудандардағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында 11 мыңнан астам қызмет көрсетілген, — деді Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов.