Аталған компания арнайы нысан жобаларын сызып, ресми құжаттарын заңдастырып, сметалар жасаумен айналысады.
Бүгінгі күні компанияда 11 қызметкер еңбек етеді. Шағын қалада кәсібін дөңгелетіп отырған құрам Алматы облысында жалғыз. Өйткені, олардың өзге аймақтарда филиалдары жоқ.
Компания басшысы Мөлдір Молдағалиева құжатпен жұмыстағы басты мән беретін қағидаларға мән беру керектігін айтты. Оның айтуынша, заңдастыруда алданбау үшін ең бірінші мемлекеттік АКТ дұрыс болуы керек.
«Ең бірінші үйді салмас бұрын жерді заңдастыру керек. Бізде қалай істейді , тұрғындар. Олар ең алдымен үйді салып алып, содан кейін заңдастыруға кіріседі. Ол дұрыс емес»,-деді Мөлдір Маратқызы.
Маманның айтуынша, құжатты рәсімдеу барысы екіге бөлінеді. Құрылысты бастамас бұрын және құрылыс аяқталғаннан соң.
Сондай-ақ, Мөлдір Молдағалиева үйді заңдастырар кезде құжатты келесі тұлғаға сеніп тапсыру үшін міндетті түрде келісім шарт жасау керек деген пайымын жеткізді. Оның сөзінше, құжатты жасау кезінде маклер, делдалдар арада жүреді екен. Аталған тұлғаларға қаржыны я болмаса, құжатты бергенін дәледей алмайтын жағдайлар кездесетіні де жасырын емес, деп сөзін сабақтады Мөлдір ханым. Маманның ойы, келеңсіз оқиғаға тап болмау үшін барлығын заң аясында орындаған дұрыс деген пкіріге саяды.
Сонымен қатар, Мөлдір Маратқызы ақшаны жеке адамның шотына тікелей аударуға болмайтынын алға тартуда.
«Бүгінгі таңда бізде Белгілі бір жеке тұлғаның каспи шотына ақша аудар деп айтып жатады ол дұрыс емес. Кез келген компания арнайы салық төлейді. Олар салықты қандай банк арқылы төлейді, тура сол шотқа қаржыны аударған дұрыс және компанияға Kaspi Pay арқылы төлем жасаған сенімді болып табылады»,-деп түйіндеді Мөлдір Молдағалиева.