Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру тапсырмасына сәйкес «AMANAT» партиясы Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын іске қосқан еді.
«Ауыл Аманаты» «пилоттық жобаны масштабтау бойынша халықтың табысын ұлғайту» бағдарламасы аясында 2023 жылға республикалық бюджеттен 2,4 млрд. теңге бөлінді. Аталған жобаға алматы облысынның 4 өңірінен, 16 ауылдық округ қатысады. Олар, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек, Балқаш аудандары болмақ.
Қазіргі кезде жоба аясында жалпы сомасы 9,8 млрд. теңгеге болатын 1 657 өтінім қабылданды.
Мәселен:
Райымбек ауданы бойынша 1,9 млрд теңге сомасына 318 өтінім;
Кеген ауданы бойынша 1,1 млрд теңге сомасына 250 өтінім;
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 5,5 млрд теңге сомасына 897 өтініш;
Балқаш ауданы бойынша 1,3 млрд теңге сомасына 250 өтінім.
Айта кетейік, бүгінгі күні жоғарыда айтылғандарға байланысты, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығы басқармасына қосымша 9,4 млрд. теңге қаражат бөлуге бюджеттік өтінім жолданған.
Бағдарламаны іске асыру бағыттарының бірі – ауылдық кооперация құру болып табылады.
«Әрбір ауылдық округте кооперативтер құру – ауыл тұрғындарын қажетті ауыл шаруашылығы техникасымен, жабдықтарымен, айналым қаражатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»-, дейді жауаптылар.
Қазіргі кезде осы жоба шеңберінде Райымбек ауданында 2 кооператив құрылып, қосымша 18 кооператив құру жоспарлануда. Райымбек және Кеген аудандарында төрт-төрттен, Балқашта біреу, Еңбекшіқазақ жерінде 9 кооператив құрылуы ықтимал.