Сәбит Тәжіков тігінші мамандығы бойынша кәсіби білім алған. «Колледжде 25 қыздың арасында жалғыз жігіт едім. Қазір фабрикада 150 әйелдің ортасындамын» деп күледі. Оқуын былтыр тәмамдаған жас тігінші ауылда фабриканың ашылып, жұмысқа тұрғанына қуанышты. Сәбит болашақта сәнді киім үлгірен тіксем» деп армандайды.
Жұмысымды жалғастырамын кәдімгідей. Ақша тауып, толстовка, худи тігіп, негізі бизнес ашу ойымда бар”, дейді тігінші,Сәбит Тәжіков.
Фабрика тапсырыспен жұмыс істейді. Өткен айында әскери форма тікті. Бас технолог жұмыс барысын түсіндіріп, тігін машинкасын дұрыс меңгеруді көрсетіп, үйретеді. Тігіс жатқызудың сан-алуан әдісін меңгерген әйелдер бір- бірімен жарысады. Жұмысына қарай ақысын алады. Егер өндіріп істесе 300 мың теңгеден асырып ақша табады.
– Бұның ішінде бұрын тіккен швея тігіншілер бар. Бұрын машинкаға отырып көрмеген адамдар да бар. СКЛ технологымыз басынан аяғына дейін үйретіп жатыр. Келген кезде тігу білмейтіндер қазір 200-300 комплектіге дейін операцияларын істеп жатқандар бар, деді өндіріс башысы, Мұхаметқали Сабыров
Бұл кәсіпорын ауданда ашылған ірі инвестициялық жоба саналады. Жалпы Жамбыл ауданында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 55 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды. 2232 адам тұрақты жұмысқа тұрды.
Нұрлан Ертас, Жамбыл ауданының әкімі:
– Жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы, болмаса қазір жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың әлеуетін арттыру арқылы қосымша жұмыс орындарын, жұмыс күштерін ұлғайту мақсатында жұмыс атқарып жатырмыз. СКЛ бұрындары бізде ескі әскери бөлімнің ғимараттары бос қалған.Сол жерлерге бизнестарды осы тігін цехының өзін ұлғайтып, жағдай жасап беру мақсатта жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Болашақта фабрика жұмысшы санын 500 адамға ұлғайтуды көздейді. Арнайы киім үлгілері мен аяқ-киім шығаруды жоспарлап отыр.