1. Дұрыс мақсат болуы қажет
Кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің басты қателігі — Мақсатын анықтамау, нақтырақ айтсақ, оны құрастыра алмау. Мақсат бірнеше көрсеткіштерден құралады. Олардың ішінде ең маңыздысы ТАБЫС.
Кез келген кәсіптің мәні — ақша табу. Бұл мақсатты көздемейтіндер — КӘСІП болып саналмайды. Кәсіпті бастағанда белгілі бір әлеуметтік проблемаларды шешу үшін бастадым жесеңіз, онда сіз өзіңізді де, басқаны да алдағаныңыз. Себебі кәсіпкердің басты мақсаты — АҚША табу.
Ақша табу мақсаттынан басқаны көздейтін кез келген бастаманы бизнес деп айта алмаймыз. Ақша табудан басқаны мақсат еткен қызметті хобби, қыйырымдылық немесе тағы басқалай атауға болады, бірақ ешқашан БИЗНЕС деп емес! Сондықтан да өзіңізге өтірік айтпағыз. Сізге бастысы ақша екенін нақты бекітіп алыңыз.
Қате мақсат мысалы (тәжірибеден алынған):
Жақында бізге Алматы қаласында СТО ашқан бір кісі хабарласты. Ол ақшасын салып қойған, қажетті құралдар алып, адамдар жалдаған. Ол шығыннын қайтарған (жалға алу, айлық, әкімшілік шығындар және т.б.) — ал басқа ақша жоқ. Түскен таза пайдасы оның жүріс-тұрысы мен кішігірім шығындарыннан артылмады.
Мәселе оңай табылды. СТО-ны ашар алдында ол дұрыс мақсат қоймаған. Оның мақсаты шамамен келесідей болатын: “Мен көлігімнің үнемі жақсы жүріп тұрғанын қалаймын. Базарға барып, өзім керекті бөлшектер іздеп, одан соң СТО мен шебер іздегім келмейді. Маған барлығын сапалы әрі арзанға істеп беретініне сенімді болғым келеді. Мен кәсіптің өзін ақтағанын, сосын азын-аулақ табыс алып келгенін қалаймын”.
Барлығы да оның қалауындай болды. Негізгі мақсат орындалды. Олай болса неге ол риза емес? Бизнестің заңдылығы бойынша құрылмаған кәсіп ақшаны да алып келмейді.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ, кәсіп бірінші кезекте сіз жоспарлау барысында қойған негізгі Мақсатқа жауап береді!!! Өйткені бизнес модель мақсатқа сәйкес құрылады. Қызметкерлер де соған сай жиналады, олардың ойлауы, тіпті сіздің жұмыс барысында айтатын сөзіңіз де соған байланысты. Қазіргі болмысыңыздан мықты болып көрінуге тырыспаңыз. Барлығына көмектесуге, өзіңізге керек емес міндет алуға тырыспаңыз. Сіздің мақсат — ақша табу. Айналаның бәрі бұны білуі қажет. Бірақ, бірінші кезекте бұны өзіңіз қабылдау керексіз.
2. Дұрыс бағытты таңдаңыз
Кәсіптегі негізгі мәселенің бірі, сіз жұмыс істегелі жатқан Бағытты таңдау. Бұл жерде екі басты элемент бар: Сұраныс және Технология.
Сұраныс — адамдар сіз жасағалы жатқан Өнімге ақша төлеуге дайын ба сұрағына жауап береді. Сұраныс тереңдей келе мақсатты аудиторияны зерттеу, Өнім бағасын анықтау, оның формасы, қызметі және т.б. мәселелерді шешуге әсер етеді.
Технология. Сіз бұл өнімнің қалай жасалатыны туралы білесіз бе? Бұл сұрақтың жауабы әрі қарай шикізатты таңдау, Өнімді дайындау, өндіріс нормаларын сақтау, процеске жаңалық енгізу, роботтандыру, кеңею, Өнімнің өз бағасын арзандату, Өнім түрлерін көбейту және т.б. мәселелер жұмыс істеуде негіз болады.
Бұл екі түсінік бірге жүреді және екеуі бөлек жұмыс істемейді.
Сұраныс пен технологияның қолдану мысалдарын қарастырайық:
Сұраныс: +
Технология: —
Сіз тұратын ауданда шаштараз жоқтығын білесіз делік. Және көршілердің де шаштаразға қаланың екінші шетіне баратынын анықтадыңыз. Сіздің ауданда шаштаразға сұраныс барын түсіндіңіз, бірақ бұл кәсіпті қалай жүргізуді білмейсіз. Сіздің мамандығыңыз шаштараз емес, басқа бір кез келген мамандық.
Сұраныс: —
Технология: +
Сіз тоңазытқыш құрастыруға маманданғансыз, бірақ солтүстік полюсте өмір сүресіз және ол жерде үнемі суық болып тұрады. Сіздің тұратын аймаққа ғылыми экспедициядан басқа ешкім де келмейді. Тиісінше, сіздің өнімге сұраныс та жоқ.
Сұраныс жоқ заттан кәсіп бастаудың қажеті жоқ. Бірақ сұраныс бар саладан сіз білетін ғана бағытты таңдаңыз. Бұл басқаша жұмыс істемейді. Иә, әрине, сіз маман жалдай аласыз немесе Серіктес таба аласыз, бірақ бұл кәсіпті құру мен жүргізудегі үлкен тәжірибеңіз болса ғана табыс таба аласыз. Егер сіз Кәсіпкер ретіндегі жолыңызды енді ғана бастаған болсаңыз бастапқы уақытта ешқандай табыс таппай, тек қана шығындануыңыз қалыпты жағдай болмақ. Осындай сәтте, сізге ұзақ уақыт өзіңіз жинаған ақшаға өмір сүру керек болады. Жарты жылға дейін ешқандай табыс болмауы да мүмкін.
3. Аңыздарға сенбеңіз
Бизнесте қиялдап жүретіндерге орын жоқ. Бизнес туралы кітаптарды танымал авторлардан оқыңыздаршы. Әртүрлі курстардағы бизнес-тренердің сөзіне сенбеңіздер. Кәсіпкер прагматик болуы керек.
Сіздің белгілі бір досыңыз, туысыңыз, көршіңіз немесе жәй бір танысыңыздың кәсіптің қалай жасалуы керектігін білместен бастай салып, 2-3 жылдан өз саласының ең үлкен өндірушісіне айналған кейстер туралы бөлек айтып бергіміз келеді.
Иә, ондай жағдай болып тұрады, бірақ бұл сирек болатын сәттілік. Жұлдызы оңынан туып жолы болды. Осындай жағдайды естігенде бұл көп ішінде сирек болатын құбылыс екенін есте ұстаңыз. Олардың жәй ғана Жолы болды. Және керек кезінде сол жағдайда қажет ететін әрекетті түйсігінің нұсқағаны арқылы жасап сәттілікке жетті. Бұдан артық-кемі жоқ. Ғажайып болады және армандар да орындалады, бірақ кезекті арманшыл адамның келесісі сіздің досыңыз, туысыңыз, танысыңыз емес, Сіздің өзіңіз болатыныңызға ешқандай кепілдік жоқ.
Келесі жолы осындай оқиғаны естігенде, әлемде (тіпті сіздің қалада) тап осылай ойланбастан кәсібін бастап ештеңеге қол жеткізбеген қаншама адам бар екенін ойлаңыз. Сіз олар туралы естімедіңіз бе? Таңғалатын ештеңесі жоқ. Біз қазір өзінің жетістігімен мақтанып, сол туралы масаттана әңгімелеп беретін қоғамда өмір сүріп жүрміз. Сәтсіздік туралы айту көп адамға ұнай қояды деп айта алмаймыз. Есте сақтаңыз: ойланбай басталған кәсіптің ЖҮЗ МЫҢ-ы сәтсіздікке ұшырып, тек біреуі ғана табысты болады.