Қазақстанда Түркияда болған жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің мәйіті жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды Kazbusiness.kz.
Бұл туралы Telegram желісінде Мирболат Құрмашевтың інісі хабарлады.
Бүгін бауырларымызды соңғы сапарға шығарып салдық. Жатқан жері жайлы болсын, – деп жазды ол.
Сондай-ақ оларды үйінді астынан алып шығуға көмектескен қазақстандық құтқарушыларға алғысын білдірді.
Туыстарымыз бен жақындарымыздың атынан ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз:
– Денисов Дмитрий
– Беков Ильдар
– Исмаил Жан
– Асанбаев Бүркіт
Құтқарушыларымыз өз өмірлерін қатерге тігіп, қиын үйінді астынан азаматтарымыздың денесін алып шықты. Нағыз батырлар, мың алғыс!, – деп жазды Мирботал Құрмашевтың інісі.