Атырауда 1 жасқа толмаған нәрестенің бетін тіліп, хиджама жасаған орталыққа айыппұл салынды.
Облыстық прокуратура мен медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізген тексеріс нәтижесінде бұл процедура заңсыз деп танылды.
Мамандардың айтуынша, орталықтың жұмысында заң бұзылған. Тексеру материалдары Атырау облыстық прокуратурасына және полиция департаментіне жолданды.