Президент жарлығымен бизнес нысандарды тексеруге Мораторий 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды. Дегенмен, кәсіпкердің не бизнес нысанның үстінен шағым жазылды деп тексеріс келсе, не істеу керек?
Біз бұл сұрақты кәсіпкерлердің жеке құқығын қорғауға көмектесетін Қазақстан рестораторлар клубына жолдадық. ҚР рестораторлар клубы қауымдастығының қаржы директоры Ирина Лебедева СЭС сынды өкілетті органдардан тексеріс келген жағдайда мынандай нұсқаулыққа сүйенуді ұсынды:
-
Тексеруші өзін таныстыруы қажет;
-
Тексеруші қызметтік құжатын көрсетуге міндетті;
-
Келген қызметкер қандай шағым не хабарлама негізінде тексеріспен келгенін көрсетуі керек;
-
Қызметкер қолындағы хабарламада қандай заңбұзушылық болғаны және оны түзетуге қанша уақыт берілетіні жазылады. Хабарламалар әртүрлі сипатта болады;
-
Тексеруші жеке кәсіпкердің немесе ЖШС-ның тексеру журналында тіркеліп, қол қоюы керек.
Келген тексерушіні міндетті түрде журналға жазуды ұмытпаңыз. Бұл барлық қызметтегі тексерушілерге қатысты. Егер тексеруші тарапынан қысым не бопсалауға тап болсаңыз, 1424 нөміріне қоңырау шалыңыз.