Қазақстандықтар VIP нөмір үшін 6 млрд теңге жұмсаған, деп хабарлайды kazbusiness.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.
VIP-нөмірлерге сұраныс көбіне Алматы тұрғындарынан түскен.
Былтыр жалпы арнайы ХҚКО-да жоғары сұраныстағы жиырма мыңнан астам мемлекеттік нөмір сатылған.
Оның ішінде ең қымбаты 001-ден 009-ға дейінгі және 777 нөмірі.
Бұлардың әрқайсысы 1 миллион теңгедей тұрады.