«Алтын орда» базарында саудагерлерден заңсыз ақша жинаған полицейлер сотталды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Айыпталған 3 учаскелік полиция инспекторы 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеті өткен жылдың соңында ғана белгілі болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысындағы департаменті мәлімдегендей, сотталғандар лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдаланып, саудагерлерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен алшақтатқаны үшін ақша жинап келген. Салдарынан базар аумағында әлеуметтік шиеленіс туған еді.