ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, 2022 жылы «Жұмыскердің жеке ісі» сервисінің көмегімен жұмыс берушілер 34,8 мыңнан астам жұмысқа үміткер азаматтардың электрондық құжаттарын көрген.
Бұл сервис жұмыс берушіге әңгімелесу және жұмысқа орналасу процестерін жеңілдетуге арналған. Адамдар жұмысқа орналасу үшін қажетті құжаттарды өз келісімімен жұмыс берушіге электронды тұрғыда ұсынады немесе жұмыс беруші азаматтың құжаттарын электронды түрде сұратып, қол жеткізеді.
Мәселен, «Жеке іс» сервисінде әрбір адам деректер базасын қалыптастырады. Онда – фотосурет, жеке куәлік деректері, төлқұжат, тұрақты тіркеу мекенжайы, білімі, еңбек қызметі, 075/ж анықтамасы, психотерапевтке тіркелу/ есірткі/түтік. диспансер және т.б құжаттар болады. Қызметкер мобильді азаматтар базасында немесе HR.Enbek порталындағы (бұдан әрі – Портал) жеке кабинетінде тіркелген нөмірге жіберілген SMS-хабарламаға жауап беру арқылы жұмыс берушіге аталған жеке мәліметтерге қол жеткізуге келісімін растайды.
«Жеке іс» сервисінің мүмкіндіктерінен басқа, порталда жұмыс берушілерге еңбек шарттары бойынша мәліметтерге тіркеу, қарау, түзетулер мен толықтырулар енгізу, әлеуметтік демалыстарды, аударымдарды тіркеу және кәсіпорынды қайта ұйымдастыру функциялары қолжетімді. Сонымен қатар еңбек заңнамасын бұзушылықтардың бар-жоғына анонимді не рұқсат етілген тест тапсыруға мүмкіндік бар.
Өз кезегінде қызметкерлер үшін порталда жеке кабинет іске асырылды, онда олар өз шарттарын көре алады, жұмыс орнынан анықтаманы жүктей алады, сондай-ақ дербес деректерді өңдеуге келісімге қол қоя алады.