Коллекторларға қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов айтты.
«Соңғы 2 жылдың ішінде коллекторлық ұйымдарды қадағалауға барынша қатаң қарадық. Коллекторлық нарықтың 37 субъектісінің қызметі тоқтатылды. 2021 жылы заемщиктермен өзара іс-қимылда міндетті аудиофиксация бөлігінде белгілі бір шектеу енгізіліп, үшінші тұлғалармен – жұмыс берушілермен, туған-туыстармен коллекторлардың өзара іс-қимылына тыйым енгізілді. Яғни мұның бәрі шектелді. Дегенмен қосымша шектеулер қажет деп санаймыз. Сондықтан коллекторлардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігін күшейту бөлігінде заңнамалық түзетулер топтамасы әзірленді», – деді ол.