Ағымдағы жылдың 15-ші ақпанында Алматы облысының прокуратурасы «Заң бойынша жер» жобасын іске асыруды бастады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Жобаның негізгі мақсаты – заңнама нормаларын бұза отырып, жерді пайдалануға ықпал ететін себептерді және бұл әрекеттерді жалған заңдастыруға әкеп соғатын жергілікті атқарушы органдардың актілерін анықтау және Алматы қаласының маңындағы елді мекендерін бақылаусыз салуға әсерін зерделеу.
Жобаның іске асыру барысында қала маңы аймағының аудандарының жергілікті атқарушы органдарымен ҚР Үкіметінің 22.10.2010 жылғы №1097 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының қала маңы аймағының бас жоспарының талаптары жаппай ескерілмейтіндігі анықталды.
“Қазіргі уақытта бізбен елді мекендердің шекарасын заңсыз кеңейтудің 24 дерегі және функционалды аумақты заңсыз өзгертудің 40 дерегі анықталды. Аталған бұзушылықтар, коммуналдық инфрақұрылымға, жолдарға, әлеуметтік объектілерге жүктемені ескермей елді мекендердің бақылаусыз түрде салынуа өз ықпалын тигізеді”, делінген прокуратураның хабарламасында.