Ақылы жолдармен жүру және төлем жасау тәртіптері өзгереді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Бұйрыққа сай, енді жүргізушілер жол ақысын мына тәсілдермен төлейді:
– төлем жүйелері сервистерінің көмегімен алдын ала төлеу;
– мүмкіндік болған уақытта қолма-қол төлеу;
– ақылы учаскеден шыққаннан кейін күнтізбелік 7 күн ішінде кейінгі төлем.
«Пайдаланушы жол ақысын күнтізбелік 7 күн ішінде төлемеген жағдайда, жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (17 250 теңге) және ұйымдар үшін 10 АЕК (34 500 теңге) айыппұл салу көзделген», – деп түсіндірме берілген өзгеріске.