Биылғы жылдың екі айында Қазақстанға 1 341 тонна гүл әкелінді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында гүл саудасы қызып, дүкендер мен базарларда адамдар сыйлық алуға көптеп келетіні белгілі.
2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға салмағы 1 341 тонна гүл немесе 24,6 млн дана гүл талы әкелінген, оның құны 9,5 млн АҚШ долларына тең. Бұл ақпаратпен Мемлекеттік кірістер комитеті бөлісті.
Сұранысы ең жоғары – раушан гүлдері: салмағы 799 тонна немесе 18 миллион дана гүл талы әкелінген, құны – 5,8 миллион АҚШ долларына жуық. Екінші орында – хризантемалар (салмағы – 134 тонна немесе 2,4 млн дана гүл талы, құны 1,3 млн АҚШ доллары), үшінші орында – қалампыр (салмағы – 31 тонна немесе 922,7 мың дана гүл талы, құны 161 мың АҚШ доллары).
Ағымдағы жылы гүлдер негізінен Эквадор (769 тонна), Нидерланды (268 тонна), Колумбия (137 тонна), Кения (108 тонна), Израиль (16 тонна), Өзбекстан (14 тонна), Қытай (13 тонна), Түркия (6 тонна)елдерінен әкелінген.