Елордалық әйел әлеуметтік желі арқылы танысқан жігітке 90 млн теңгеден астам ақшасын аударып жіберген, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Алаяқтық жасаған адам анықталып, ұсталды.
Ол сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Әлеуметтік желі арқылы хат алмасу кезінде ер адам өзінің сезімін білдіріп, ұнатып қалғанын айтқан.
Ол өзін банкроттық сатыда тұрған зауыт директоры екенін және басқа да шындыққа жанаспайтын деректер айтқан. Яғни жақын туыстарының қайтыс болғанын хабарлап, шұғыл түрде ақша керек екенін айтып, әйел адамды алдаған.
Өз кезегінде алданып қалған әйел адам белгілі бір уақыт аралығында оған онлайн аударымдар арқылы түрлі сомада ақша жіберіп отырған.