Қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін салынатын айыппұл көлемі 4 есеге өсті. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне енгізілген өзгерістер 6 наурыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Бұл заңды желіде қызу талқылап, бірі қолдап, бірі қарсы болды. Дегенмен, заңдағы бұл өзгерістерге Президент 3 қаңтар күні қол қойған болатын. Енді балағат сөз айтқандар заң алдында жауап беріп, 69 мың теңге айыппұл төлейді.