No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда ішімдік саудасы 2 есе өскен

Өткен жылы спирттік ішімдіктердің сатылымы рекордтық көрсеткішке жеткен, деп хабарлайды kazbusiness.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

13.03.2023
Жаңалықтар
49
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

2022 жылы қазақстандық дүкендерде 139,9 млн литрден астам арақ, коньяк және алкогольді сусындар сатылды. Бұл елдегі спирттік ішімдіктер нарығын статистикалық бақылау тарихындағы абсолютті рекорд. 2021 жылмен салыстырғанда ішкі нарықта сату көлемі 90,4%-ға өскен.

Нарықта басты сұраныс артқан арақ пен ликер-арақ өнімдері болды. Олардың сатылымы екі еседен астам өскен: 44,2 миллионнан 90,1 миллион литрге дейін. Жалпы алкогольді сату көлемі де біршама өскен: 29,3 миллион литр (68,1% өсім). Сонымен қатар коньяк ішімдігі де көбірек сатыла бастаған: 20,5 миллион литр немесе 73,5% өсіммен болған.

Жоғары градусты ішімдіктермен  салыстырғанда алкогольдің басқа түрлерінде сатылым деңгейі өспеген. Қайта өткен жылы шараптардың сатылымы 26,9%-ға, шампанның сатылым 28%-ға, сыра сатылымы 1,9%-ға азайған. Осы орайда, 756,1 миллион литр көрсеткішпен сыра сатылымда көшбасшылық деңгейін сақтап тұрғанын айта кеткен жөн.

Қазақстанда алкогольге деген сұраныстың артуы алкоголь тұтынушыларының шетелден келуімен түсіндіріледі. Яғни, аталмыш көрсеткішке 2022 жылы Қазақстанда көшіп келген ресейліктер әсер етуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, ресейліктер қазақстандықтарға қарағанда екі есе алкологоль тұтынады. ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ЖСН ресімдеу бойынша Қазақстанның мемлекеттік органдарына жүгінген Ресей азаматтарының саны 2022 жылы 733,7 мың адамнан асты.

Айта кеткен жөн, алкогольдік сусындардың ішкі нарықтың қажеттілігін отандық өндірушілер мен импорттың арқасында өтеледі. Оның ішінде еліміздегі шампан өнімдерінің 96,4% Қазақстанда шығарылып, тек 3,6% импортталады. Отандық сыра өндірушілер де ішкі нарықтың 92,4%-ын қамтиды, импорт 7,6%-ды құрайды. Ликер-арақ кәсіпорындарында да жоғары көрсеткіштер бар. Олар елімізде сатылатын барлық ликер мен арақтың 84,8% -ы өндіреді, ал 15,2%-ы импорттық өнімдер.

Ішімдікке сұраныстың артуы және инфляцияның әсерінен алкоголь бағасы да күрт көтерілді. Орташа алғанда, 2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында алкогольдік сусындар 14,8%-ға қымбаттады. Олардың ішінде ең қымбаттаған тауар сыра болды – 18,9%. Айтылған көрсеткіш бойынша екінші орында арақ тұр – 13,8%-ға бағасы өскен. Олармен салыстырғанда шарап бағасы орта деңгейде өскен – 11,6%.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Астанада арнайы жас кәсіпкерлерге 2,5%-дық шағын несие беріле бастады

03.07.2023

Түркияда тағы да жер сілкінісі

21.05.2023

Ақмола облысында тігін кәсіпорындары жабылуы мүмкін

10.11.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа