Талайды тоңдырған Екібастұз ЖЭО-сына 5,5 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Павлодар облыстық прокуратурасының тапсырмасы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-нің бірнеше цехына жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеріс барысында Екібастұз жылу электр орталығында санитарлық талапқа сәйкес келмейтін фактілер анықталған.