Өзара ынтымақтастықты ілгерілету үшін 5 мемлекет арасында «Түркі инвестициялық қоры» құрылмақ, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Түркі инвестициялық қорын құру өзара мүдделі салалардағы даму жобаларын қолдауда цифрлық инфрақұрылым, өнеркәсіптік өндіріс, инфрақұрылым, көлік, ауыл шаруашылығы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жасыл экономика, туризмді қоса алғанда, өңірішілік сауданы дамытуға, шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыруға, көліктік-логистикалық тізбектерді, сақтау және өндірістік қуаттарды кеңейтуге қолдау көрсетуге, физикалық және өндірістік қорларды құруға және жаңғыртуға ықпал етеді.