Бұрынғы министр Елжан Біртанов жаңа қызметке келді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Ол енді QazMed медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің кәсіподағында кеңесші қызметін атқаратын болды.
Экс-министр кәсіподақ мүшелерімен бірге медицина мәселелерімен айналыспақ. Оның айтуынша, салада кадр және еңбекақы проблемасы әлі де өзекті.