Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы басшысының орынбасары, наиб мүфтий Кенжеғали қажы Қоңыратбайұлы мен Алматы қаласының бас имамы Төлеби қажы Оспанның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Конференция барысында дін өкілдерді алматылық кәсіпкерлерді еліміздің Бас мүфтиінің үндеуіне қосылуға шақырды.
«Еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы хазрет кәсіпкер азаматтарды, сауда орталықтарының басшыларын қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 %-ға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға шақырған үндеуіне алматылық кәсіпкерлерді үн қосуға шақырамын», – деді Кенжеғали қажы Қоңыратбайұлы.
Осы сәтті пайдалана отырып, спикерлер қасиетті Рамазан айында арақ-шарап ішілмесе және дүкендерде сатылмаса, мүмкіндігінше құдайы астар кешкі ауызашар уақытында өткізілсе деген тілектерін жеткізді.