Қазақстандықтардың депозитіне өтемақы төленді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Аударылған қаражаттың жалпы сомасы 306,6 млрд теңге.
10% сыйлықақы алған салымшылар саны – 2 млн 615 мың 772 адам.
Банктер екі жұмыс күні ішінде (20 наурызға дейін) сыйлықақыны өтініш берген депозитордың шотына аударды.
Мемлекеттен 10%-дық өтемақы “Отбасы банк” салымшыларына да түсті.