Өзін “Пинтаның” иесімін деп таныстырған азамат мейрамханада қазақша әндерге неліктен тыйым салынғанын түсіндірді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Сөзінше, қазақша әндердің басым көпшілігі тойға арнап жазылған, сондықтан мекеменің вайбына сай келмейді. Ол жұрт наразылық танытқан соң қазақ тіліндегі әндерді мейрамхана репертуарына қосуға мәжбүр болғанын айтты.
Сондай-ақ ол халықтан кешірім сұрау мақсатында түсірілген видеосын: “Пинта” қазақша әндер шырқалмайтын жалғыз мекеме емес”, – деген сөздермен қорытындылады.