Бағдат Мусин келешекте сайлау жәшіктері бюллетендердің автоматты есебін жүргізетін технологиямен жабдықталатынын айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Бұл сайлаудың әділ өтуіне көмектеспек, яғни құртылған, бүлінген бюллетендер есепке алынбайды.
Сондай-ақ ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі алдағы уақытта сайлау учаскесіне онлайн тіркелу мүмкіндігі жүзеге асатынын мәлімдеді.