Кафелерде ифтар бағасы екі есеге өсіп кеткен деп рестораторлар пікір білдіруде, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
23 наурыз күні барша мұсылмандар үшін Ораза ұстау басталды. Бір ай бойы адамдар күн батқанға дейін дәмнен тыйылып, кешке ауыз ашады. Оған қоса, тамақты қажетті мөлшерімен жеген маңызды. Осыған орай көптеген тамақтандыру орталықтары ифтар уақытына келетін халық санына дайындалып отыр. Бірақ, тамақтанушылар ифтардың бағасы екі есеге өсіп кеткеніне наразы.
Мысал ретінде, Facebook қолданушысы Азиза Өтегенова, үйінің жанындағы кафеде ифтар бағасы адам басына 9 мыңға дейін қымбаттап кеткенін айтады. Бағалардың бұндай қарқынмен өсіп кеткенін дұрыс деп санамайды.