Маңғыстау облысында ауыл тұрғындары аштық жариялады. Бүгін наразылықтың төртінші күні, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Жетібай ауылының жұмыссыз тұрғындары мұнай саласында жұмыс беруді талап етіп отыр. Бұған дейін олар мұнай өндіретін кәсіпорынға баратын жолды жауып тастаған.
Аудан басшылығы Жетібай тұрғындары бос орындарды бөлуде артықшылық беруді талап еткенін хабарлады. Олардың ойынша, бос жұмыс орындарының 70 пайызы оларға, ал қалғаны басқа ауылдарға бөлінуі керек.
29 наурыздан бері аштық жариялау түріндегі наразылық акциясын өткізуге 13 өтініш түскен.
Өтініштер мемлекеттік органдарда қарастырылып жатыр. Бірақ тамақтан бас тартумен байланысты мұндай әрекеттер заңмен реттелмейді.