Президенттікке кандидат болған, қазіргі депутат Жигули Дайрабаевтың ұлдары сотталды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Тараз қаласының №2 соты алаяқтық, яғни адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену бойынша айыпталған 4 тұлғаға қатысты қылмыстық істі қарады.
Сот барысында Ерлан Күлекеевтің Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының өсімдік шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары бола отырып, сондай-ақ кәсіпкерлер Елжан Елібай, Марат Дайрабаев және Дидар Молдақалық субсидиялау қағидаларын бұзып, мемлекетке 550 849 430 теңге көлемінде шығын келтіргені анықталды.
Сот үкімімен Ерлан Күлекеев 6 жылға бас бостандығынан айырылса, Елжан Елібай 5 жылға сотталды.
Марат Дайрабаев және Дидар Молдақалықтың мүлкі тәркіленіп, кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық лауазымды атқару құқығынан айырылды.
Екеуі де 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.