No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Kazbusiness

«Shakh Eco Food» – озық технологиямен жабдықталған жылыжай кешені

Қарасай ауданында ірі алты жылыжай бар, алып жатқан жалпы көлемі 27 гектар.

08.04.2023
Kazbusiness
99
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Солардың бірі – Елтай ауылдық округіне қарасты Исаев ауылында орналасқан «Shakh Eco Food» кешені. Мұнда жылына гектарынан 300 тоннаға дейін қызанақ пен қияр өнімі алынуда. Таяуда Kazbusiness club мүшелері аталған өндіріс орнына барып, бұл бағыттың да қыр-сырымен танысып қайтты.

Бұған дейін мейрамхана бизнесі мен бірқатар дүкендердің және мал шаруашылығы саласының жұмысын алға бастырып отырған кәсіпкер Гүлдана Кемелбекқызы «Байтерек» ҰБХ еншілес ұйымы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның «Қарапайым заттар экономикасы» несиелеу бағдарламасы арқылы төмен пайызбен қарыз алып, кәсібін жандандырған.

Осы мақсатта  2020 жылы аталған елді мекеннен жалпы аумағы 20 гектарды алып жатқан 4 гектар жылыжай кешені сатып алады. Бір жылдан соң жанынан 4,7 гектар тағы бір кешен бой көтерді. Қазіргі уақытта тағы 6 гектар жылыжайдың құрылысы жүріп жатыр. Алғашқы жылыжай голландтық технология бойынша шыныдан, ал кейінгісі түрік технологиясы бойынша поликарбонаттан салынған.

Іс барысын жандандыру үшін кәсіпкер Түркиядағы сапарларының бірінде жылыжай жасайтын зауытқа арнайы барып, ірі компаниялардың бірі «BIG-SER construction» корпорациясымен ынтымақтасуға шешім қабылдаған.

Жылыжайды арнайы салынған блокты-модульді қазандық жылытады. Кешен жұмысын арнайы кезекшілер күндіз-түні қадағалайды. Тірі өсімдіктерді күтіп-баптауда жарық, жылу, су беру істері бір секундқа да тоқтамауы тиіс. Бұл жерде қазір елуге жуық адам жұмысқа тартылған. Олардың басым бөлігі Елтай ауылдық округі мен Жібек жолы ауылының тұрғындары. Барлығы арнайы көлікпен тасымалданады. Ал басқа облыстан жұмыс істеуге келгендер үшін жатақхана қарастырылған.

 Бұл жерде бәрі автоматтандырылған. Жылыжай іші белгілі температураны, яғни 19 градусты сақтап отырады. Ауа температурасы салқын болғанда жылыту жүйесі іске қосылса, күн ысып кеткенде арнайы желдеткіштер қосылады. Қызанақ сабағын күннен қорғау мақсатында арнайы перде де автоматты түрде ашылып, жабылады. Суару жүйесі де технология жетістіктерімен жүзеге асады. Осының бәрін бақылап жүру үшін бір гектарға 5-6 адам жеткілікті.

– Біз қызанақтың «ping paradise» деген сортын ектік. Оның ерекшелігі – жыл 12 ай бойы өнім беріп тұрады. Одан бөлек өнімділігі  күтіміне де байланысты. Жылыжай жұмысын түркиялық әріптестермізбен қатар еліміздің алдыңғы қатарлы ЖОО орындарында оқып, шет мемлекеттерде біліктілігін арттырған өз ісінің мамандары бақылып, бірлесе жұмыс істейді. Біздің қызанақ көшеттері жанға жайылып емес, жоғары өрмелеп өседі.  Ол үшін жанындағы керек емес сабағын жұлып отырамыз. Өнім сапасы жақсаруы үшін жылыжай ішінде ұшып жүрген аралардың өзін сатып алып келдік. Көшеттерді жыл сайын жаңартып отырсақ, топырақты әр үш жылда бір рет қана ауыстырамыз – дейді өндіріс орнының басшысы.

Бүгінгі таңда екі жылыжайға 250 мыңға жуық бұта отырғызылған. Кешендегі бұталар он ай бойы жеміс береді. Содан кейін оларды алып тастау керек. Толық дезинфекция жасап, жаңа көшеттер отырғызылады. Топырақты алмастыратын кокос субстраты Шри-Ланкадан арнайы әкелінген және ол үш жылға жетеді.

Жылыжайға жауапты маман қазіргі таңда жиналған өнімді салып, экспорттауға даярлайтын кезде қағаз қорапшалардың тапшы екенін айтады. Отандық өнімге қолдау көрсету мақсатында кейбір қазақстандық өндіріс орындарынан әкелінген қораптардың сапасы сын көтермейтін көрінеді. Экспорт демекші, терілген қызанақтар мен қиярларға әсіресе Ресей елінен сұраныс жоғары. Бұдан бөлек, Алматы қаласының аймағындағы ірі базарлар көтерме бағада сатып алып отырады.

Жалпы, кәсіпкердің сөзіне сүйенсек, «Shakh eco food» шаруа қожалығының әрбір жаңа жобасы үлкен құндылыққа ие. Ең алдымен, бұл қоғамдық тамақтану және ауылшаруашылығы саласын дамытуға, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, атап айтқанда, Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құруға қосқан қомақты үлес. Тағы бір экономикалық құрамдас бөлігі – жаңа жұмыс орындарын ашу. Қазірдің өзінде «Шах» мейрамхана бизнесі және аспаздық желісінде 120-дан астам, тікелей жылыжайлар мен мал шаруашылығында 70-ке жуық адам еңбек етеді. Жаңа жылыжайлар салынып, тағы бір мейрамхана ашылған кезде жұмыс орындарының саны 300-ге дейін артады деп күтілуде.

 

Байланысты Материалдар

Dow 300 ұпайға түседі, өйткені Трамп ЕО мен Apple-ге қарсы жаңа тарифтерге қауіп төндіреді: Live жаңартулары – CNBC

24.05.2025

Эксклюзивті |Үлкен банктер крипто әлеміне вентингке кіреді

24.05.2025

Ұлыбританияның сауда сатылымы сәуір айында 1,2% -ға өсті – ұрып-соғу – CNBC

24.05.2025

Инвесторлар АҚШ-тың облигациялар нарығынан бастап Дональд Трамптың саясатына деген қорқыныштан аулақ болады – Financial Times

24.05.2025

Bitcoin ашық қызығушылық танытады, биіктігі жоғары, өйткені BTC слиптері $ 111K – Кокинтелрофа

24.05.2025

Эксклюзивті |Ол «ERAS» турнирі жабылды.Қазір бұл 1 миллиард доллардан асады.- WSJ

22.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Ақмола облысында жол құрылысына бөлінген 1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланды

21.06.2023

«Ұмай» бағдарламасына 10 мамырдан бастап өтініштер қабылдана бастайды

08.05.2023

Ақкенттің баспанасыз қалған тұрғындары жаңа пәтер таба алмай отыр

04.08.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа