Жас әйелдер басқаратын компаниялар саны бір жылда 5%-ға артты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Жыл басында Қазақстанда 10,3 мың кәсіпорын тіркелген. Оның ішінде меншік иесі ретінде 29 жасқа дейінгі әйелдер басқаратын кәсіпорындар саны былтырғы көрсеткішке қарағанда 1,3%-ға артқаны анықталды. Дегенмен, елімізде 29 жасқа дейінгі жастар иеленетін кәсіпорындардың меншік иелері арасындағы әйелдер үлесі 25%-ды ғана құрайды. Бұл жастардың меншігіндегі барлық кәсіпорындардың төрттен бір бөлігі.
Айта кеткен жөн, қала көлемінде меншік иелері жас әйелдер болатын кәсіпорындардың саны бір жылда 4,8%-ға, яғни 8 мыңға дейін артты. Ауылда мұндай кәсіпорындар саны 5,8%-ға, 912-ге дейін өсті.
Өңірлік арасында жас әйелдер басқаратын кәсіпорындардың басым бөлігі – 2,6 мың компания Алматыда орналасқан. Бұл көрсеткіш бойынша алдыңғы орындарға Астана (2,1 мың) және Шымкент (683) қалалары да кіреді. Көшбасшы өңірлердің бестігін Қарағанды облысы және Алматы облысы түйіндейді. Ал жас әйелдер меншігіндегі компаниялардың ең аз үлесі Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстарына тиесілі.