Әзірге бұл ұсыныс 26-шы сәуірге дейін тек қоғамдық талқылауда, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Қабылданған жағдайда төлем тікелей спортшылар мен жаттықтырушылардың жеке шотына аударылмақ. Басты талап ел аумағында дене шынықтыру және спорт саласында кемінде 20 жыл еңбек өтілі болуы керек. Нақтырақ айтақ, Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларға және оларды дайындаған жаттықтырушыларға төленеді.
Ай сайын аударылатын төлем 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Қазір бұл сома – 345 мың теңге.