No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Орта бизнесті қолдаудың кешенді бағдарламасы әзірленбек

14.04.2023
Жаңалықтар
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте орталық мемлекеттік органдардың және “Атамекен” ҰКП басшылығының қатысуымен орта кәсіпкерлікті дамытудың жаңа тәсілдері қаралды, деп хабарлайды kazbusiness.kz порталы премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша республикада 2 910 орта кәсіпкерлік субъектісі бар екенін мәлімдеді, олардың ЖІӨ-дегі үлесі – 6,3 пайыз. Бұл кәсіпорындарда шамамен 380 мың адам жұмыспен қамтылған.

VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында мемлекет басшысы алдағы жылдары орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндетін қойған болатын.

Осыған байланысты ҰЭМ мемлекеттік сатып алу саласын қосқанда, орта кәсіпкерлікке қатысты реттеу рәсімдерін жеңілдету, салық төлеуге ынталандыру, инвестициялық белсенділікті арттыру, әкімшілік жүктемені азайту және орта кәсіпкерлікті қолдауды кеңейту жөнінде шаралар ұсынды.

Премьер-министр негізінен аталған тәсілдерді мақұлдап, жаңа бастамаларды әзірлеу процесіне бизнес-қоғамдастықты белсенді түрде тартудың маңызын атап өтті.

“Біз бұл ұсыныстар бойынша, бірінші кезекте бизнестің ұсыныстарын ескере отырып, жақсылап жұмыс істеуіміз керек. Оларды мұқият зерделеп, заңнамаға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың салалық бағдарламаларына тиісті өзгерістер енгізу қажет”, – деді Әлихан Смайылов.

Кеңесте сөз алған “Атамекен” ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов инвестициялық жобаларға цифрлық мониторинг жүргізу мүмкіндіктерімен таныстырып, өңірлерді дамытудағы басым салаларды мемлекеттік қолдау шараларын күшейтудің артықшылықтарына тоқталды. Сондай-ақ бюджеттен қаржыландырылатын ауқымды жобаларды іске асыруға отандық кәсіпкерлерді белсенді түрде тарту қажеттігін атап өтті.

Талқылауды қорытындылай келе, премьер-министр мемлекет басшысының тапсырмалары аясында орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне ерекше мән беретін уақыт келгенін атап өтті.

“Орта бизнесті нығайту үшін барлық бағыт, атап айтқанда, салық бойынша, әкімшілік және басқа да ынталандыру құралдарын қарастыруымыз керек. Бұл жұмыспен қамтылғандар қатарын арттыруға және кәсіпорындар қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қорғауға, ашықтықты кеңейтуге және жалпы экономикамызды дамытуға және әртараптандыруға ықпал ететін болады”, – деді Әлихан Смайылов.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Dow Jones Futures: қор нарығындағы митингілер «жасалды» сауда мәмілесі;NVIDIA серіктесі Super Micro кеш түседі – кешке инвестордың бизнесі

01.05.2025

Наурыз айынан бастап банкроттыққа өтініш беру басталады

06.01.2023

Жетісу облысын дамытуға бағытталған екі ірі жоба таныстырылды

17.08.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа