Шымкентте туберкулездің ашық формасымен ауырған педагог оқушыларға сабақ берген, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Ол бастауыш сыныптарға сабақ берген. Оқиға 11 сәуірде анықталған. Осыған байланысты мектепте дезинфекция жұмыстары жүргізілді.
Мектепте науқаспен байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынды. Қазіргі таңда науқас ауруханада оқшауланып, ем алып жатыр.