Наурыз айындағы жағдай бойынша елімізде 4 миллионнан астам көлік бар, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2023 жылдың 1-наурызындағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 миллион 584 мыңнан астам бірлікті құрады, оның ішінде 88%– жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.
Сондай-ақ, ақпанда 157,9 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74,5% артық. Оның ішінде жеңіл автомобильдер 72,3%-ға, жүк автомобильдері 2 есеге, автобустар 2,5 есеге артқан.
Өзге де деректерге назар аударайық: биыл ақпан айында 1 715 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2466 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 8,4%-ға азайған.
2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 9,5 млн. теңге сомасында 16 751 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.