No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

17.04.2023
Жаңалықтар
108
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы облысы әкімінің өкіміммен, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Нұрлан Ерғалиұлы Әбдірахым Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды kazbusiness.kz. 

Нұрлан Ерғалиұлы 1980 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 2001 жылы «Қайнар» университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебі «Саясаттану» мамандығы бойынша әлеуметтік білім магистрі академиялық дәрежесін алған.
Еңбек жолын 1999 жылы «Джакубаев Д.М.» ЖК аға заңгері болып бастаған.
Әр жылдары «Астанаэнергосервис» ААҚ тұтынушылармен жұмыс жөніндегі қызметтің жеке тұлғаларға қызмет көрсету бөлімінің №2 абоненттік учаскесінің бақылаушысы, «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ЖАҚ тағылымдамашысы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, директорының орынбасары, Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің директоры, Заңға тәуелді актілер департаментінің директоры, Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кеңесшісінің міндетін атқарушысы болып қызмет атқарған.
2012-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымдарын атқарды.
2021 жылдың мамыр айынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
«Құрмет» орденінің иегері.

Байланысты Материалдар

АҚШ-тағы егеменді байлық қорының жоспарлары бар, бірақ түпкілікті шешімдер қабылданбады, Ақ үйдің айтуы бойынша – Yahoo Finance

09.05.2025

iPhone Maker Foxconn Mitsubishi Motor EVS құру жоспарын жариялайды – BBC

09.05.2025

iPhone Maker Foxconn Mitsubishi Motor EVS құру жоспарын жариялайды – BBC

09.05.2025

Азия-Тынық мұхиты базарлары U.S. U.S. федералды резервінен кейін араласады

09.05.2025

Трамп қоректендірілген қорларды саяси байланыстырады, бұл тарифтерді кесуге итермелейді – саясат

09.05.2025

Қор биржасы Бүгін: Трамп-Қытайдың сауда үмітіне арналған Джонс митингі; Super Micro Tumbles – Инвестордың бизнесі күн сайын

08.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Түрік кәсіпкерлерінің тәжірибесі Қазақстанда қолданылады

12.07.2022

Қазақстанда оқушылардың есірткіге тәуелділігі тексеріледі

24.05.2023

Жамбылдық кәсіпкер 601 млн теңге салық төлеуден жалтарған

27.11.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа