2020 жылдан бері 270 әскери қызметші қайтыс болған. Әскери прокуратура Қазақстан армиясындағы өлім себептері туралы статистиканы мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Деректерге келер болсақ:
▪️2020 жылы – 78 жауынгер,
▪️2021 жылы – 96 жауынгер,
▪️2022 жылы 85 жауынгер,
▪️2023 жылдың басынан бері 11 қорғаушы өмірден өткен.
Барлық өлімнің 36 пайызы ауруға, 24 пайызы жол-көлік оқиғаларына, 20 пайызы суицидке байланысты болған.
“Құқықтық статистика комитеті мәліметі бойынша, 2018-2022 жылдары елде 17 631 суицид дерегі және 21 332 суицид әрекеті тіркелген. Яғни, 10 мың азаматқа тоғыз суицид пен 11 әрекет келеді. Оның ішінде 86 суицид пен 20 әрекет әскерде болды. Яғни, алты суицид және бір әрекет 10 мың әскери қызметшіге тең келеді. Демек, армияда суицид жиі болады деген қоғамдық пікір ресми мәліметтерге сай келмейді “, – деп мәлімдеді әскери прокуратура.