“АрселорМиттал Теміртау” заңгерін өлтірді деген екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Олар – 52 жастағы ер адам мен 44 жастағы әйел.
Полицейлер қылмыстың марқұмның кәсіби қызметіне қатысы жоқ екенін айтады.
Еске салсақ, Шахтинскіде пәтердегі өртті сөндіру кезінде 53 жастағы әйелдің денесі табылған болатын. Ол пышақ жарақатын алған.